- Advertisement -

Облыс әкімі Маралтай райымбекұлын қабылдады

64

- Advertisement -

Кеше өңір басшысы Асқар Мырзахметов көрнекті ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Маралтай Райымбекұлын қабылдады. Сондай-ақ қабылдауға құрметті қонақтар, еліміздің қабырғалы қаламгерлері Мереке Құлкенов, Несіпбек Дәутаев, Серік Ақсұңқарұлы, Тыныштықбек Әбдікәкімов, Есенғали Раушанов, Светқали Нұржан, Берік Жүсіпов, тағы басқалар қатысты.

Асқар Исабекұлы өз сөзінде алдымен Қазақстан Республикасы еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті ақын Маралтай Райымбекұлының 50 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, қаламгердің қуанышына арнайы келген аға буын зиялы қауым өкілдерінің қадамына құт тіледі.
Өз кезегінде жазушы, Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Мереке Құлкенов қаламгерді қабылдап, ілтипат танытып отырған облыс әкіміне алғысын айтып, ықыласын жеткізді. Сонымен қатар Жамбыл жерінің, Тараз өңірінің топырағының қасиеті жайлы тілге тиек етіп, облыста қолға алынып, атқарылып жатқан оң бастамалардың баянды болуын тіледі. Тараз қаласының тотыдай түрленгенін, жаңғырған «Жеңіс», Қ.Рысқұлбеков атындағы саябақтардың ажары мен мазмұны да арта түскенін, жыр алыбы – Жамбылдың еңселі ескерткіші де сәтті орынға жайғасқанын айрықша атап өтті. Өзге де сөз алған ақын-жазушылар өңірдегі оң өзгерістерді, жемісті жұмыстарды көзбен көріп, марқайып қалғандарын жеткізді. Сондай-ақ олар елеулі елу жасқа толып отырған Маралтай Райымбекұлының қазақ әдебиетіндегі өзіндік орны бар тұлға екендігіне тоқталып, мәртебесін асырды.
Өңір басшысы облыстың руханияты мен мәдениетін дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен жоспарлы шараларды баяндап, қаламгерлерге шығармашылық табыс тіледі.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Редакциядан: Осы күні облыстық қазақ драма театрында Маралтай Райымбекұлының шығармашылық кеші өтті. Бұл кеш туралы мақаланы газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support