- Advertisement -

Рәзияның әндері

53

- Advertisement -

Елбасының «Ұлы Даланың жеті қыры», «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақалаларынан туындаған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында және Жастар жылына орай «Баласағұн» орталық концерт залында Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармонияның әншісі Рәзия Мәдіханованың «Туған жерім – алтын бесігім» атты шығармашылық концерті өтті.

Іс-шараны облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Зүбайра Сембина сөз сөйлеп ашып, 60 жасқа толған өнерпазды басқарма басшысының атынан құттықтап, құрмет көрсетті. Мұнан соң облыстық ардагерлер кеңесі ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Сайлаухан Ашанов, К.Әзірбаев атындағы облыстық филармонияның кәсіподақ ұйымының төрайымы Назима Үсенова құттықтап, Рәзия Арғынқызына жылы лебіздерін арнады.
Кеш барысында Рәзия Арғынқызы әннен шашу шашып, өнерсүйер қауымды баурап алды. Оның орындауындағы халық әндері жүректерге жетіп, көпшілікті әдемі әсерге бөледі. Сондай-ақ концертте Алтынбек Қоразбаев, Заттыбек Көпбосынов, Әуезхан Салабеков, Әбен Шалқарбаев және Сайлаухан Ашановтың әндері орындалды. Бұл кеште әншінің ұлы Зәуір Мәдіханов, бауыры Арай Әбдиева да ән шырқап, концерттің көрігін қыздырды. Облыстық филармонияның «Ақкербез» бишілер тобының өнеріне де көпшілік ризашылықпен қол соқты. Асылхан Шүңіреков бастаған «Тараз» триосының салған әні тыңдағандарды тамсантты. Анна Вундер, Гүлшат Тінәсілова да өнер көрсетті. Құрылғандарына 40 жыл толған бұрынғы «Жас толқын» ансамблінің өнеріне де жұрт риза болды. Ансамбль мүшелері Бейбітхан Мәдіханов, Серік Қалманбетов, Қаржау Тілеуқабылов ретро әндерді жүректерге жеткізді. Концерт соңында әнші Рәзия Мәдіханова жиналған көпшілікке, өзін қолдаған әнші-бишілерге, филармония ұжымына алғысын білдірді.

Есет ДОСАЛЫ

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support