- Advertisement -

Ат тан түспеген Ардагерлер

89

- Advertisement -

Ұлы жеңістің – 74, облыстың құрылғанына – 80 жыл толуына орай, облыстық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен Тараз қаласындағы «Сәтті» мейрамханасының бильярд залында спорттың осы түрінен ардагерлер арасында турнир өткізілді. Турнирді облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркімбек Солтыбаев пен ардагерлер қозғалысының белсендісі Нәрен Сейдуалиев сөз сөйлеп ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Еңбек ардагері Шәріп Дәулетбаев қазылық еткен турнир қорытындысында бірінші орынды иеленген Саттар Жәнәбілов қарсыластарынан шеберлігімен оқ бойы озық тұрды. 2-орынды – Жандар Кәрібаев, 3-орынды – Қайрат Шотбақов иеленді. Жеңімпаздарға облыстық ардагерлер кеңесінің грамоталары мен қаржылай сыйақы табыс етілді.

Төлепберген СЕЙІТҚАДІРОВ,
облыстық ардагерлер кеңесінің
баспасөз хатшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support