- Advertisement -

Сайлау-2019: Кандидаттарды ұсыну 10 сәуірде басталып, 28 сәуірде аяқталады

50

- Advertisement -

Сайлау-2019: Кандидаттарды ұсыну 10 сәуірде басталып, 28 сәуірде аяқталады

Ағымдағы жылдың 9 маусымында өтетін кезектен тыс президенттік сайлауға кандидаттарды ұсыну 28 сәуірде аяқталады. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров айтты

«Науқанның жекелеген кезеңдерінің ұзақтығын айқындау үшін «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 66-1-бабы негізге алынды. ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы жөніндегі іс-шараларды өткізу мерзімдерін Орталық сайлау комиссиясы белгілейді. Осы жоспарға сәйкес, ҚР Президентінің лауазымына кандидаттарды ұсыну сайлау тағайындалғаннан келесі күні, яғни 2019 жылғы 10 сәуірде басталып, ағымдағы жылдың 28 сәуірінде сағат 18-00-де аяқталады», —  деді К.Петров.

Сайлау-2019: Кандидаттарды ұсыну 10 сәуірде басталып, 28 сәуірде аяқталады

 

kazinform.kz 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support