- Advertisement -

Жаңа жобаның жастарға берер мүмкіндігі зор

54

- Advertisement -

«Аманат musiс» өнер байқауының облыстық кезеңі өтті

«Аманат musiс» халықаралық өнер байқауы жобасының авторы жерлесіміз, әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Жанпейісова.
Ықылас Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде ұйымдастырылған өнер байқауының облыстық кезеңі бірнеше аталым бойынша өтті. Бұл іріктеу сайысында қырыққа жуық үміткер бақ сынады. Белгілі әнші байқауға өзі басшылық жасап, шын таланттарды іріктеді. Атап айтқанда, «Би» аталымы бойынша тараздық «Прима» би тобы жеңімпаз атанса, «Домбыра аспабында ойнау шеберлігі» аталымы бойынша Ділназ Асқарова мен Нұргелді Әліқұлов бас жүлдені иеленді. Олар халық күйі «Көрғұлыны» бірге орындады. «Ән айту шеберлігі» аталымы бойынша Айзере Болат пен Нұрайым Қалқабек дуэті республикалық кезеңге жолдама алды. Олар Әсеттің әні «Қысметті» жоғары деңгейде орындады. «Флейта аспабында ойнау» аталымы бойынша Нұрай Жақсылық жеңіске жетсе, Бекмұхамет Ғазизжан «Эстрадалық ән» аталымы бойынша үздік деп танылды. «Дудар-ай» әнін керемет шеберлікпен шарықтатып орындаған Бекмұхаметке көпшілік дән риза болды. «Мәнерлеп оқу» аталымы бойынша Дархан Мәтібай бас жүлдеге лайық деп танылды. Ол көрермендер алдында ақын Маралтай Райымбекұлының «Мұхаммедті растау» өлеңін айрықша рухпен оқып, жұрттың жүрегін баурады.
Аттары аталған жеңімпаздар 1 шілде Ұлттық домбыра күні қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «Аманат music» халықаралық өнер байқауының республикалық кезеңінде облыс намысын қорғайтын болады. Сондай-ақ «Аманат music» халықаралық өнер байқауының іріктеу кезеңдері Еуропа және Азия елдерінде тұратын ұлты қазақ қандастарымыздың арасында да өткізіліп, жеңімпаздар халықаралық байқауға қатысуға мүмкіндік алады.
Келесі күні әр аталым бойынша жеңіске жеткен таланттардың қатысуымен гала-концерт өтті. Сондай-ақ әнші Сәуле Жанпейісова көпшіліктің назарына «Өнер жолы» атты шығармашылық концертін ұсынды. Елімізге кеңінен танымал дәстүрлі әнші бұл жолы Ғарифолла Құрманғалиевтың және Илья Жақановтың, Тынышбай Рахымның әндерін асқақтата шырқады. Сондай-ақ Төлеген Айбергеновтің, Маралтай Райымбекұлының, Үміт Битенованың сөзіне жазылған өзінің бірнеше әнін орындап, жерлестерімен қауышқанына ризашылығын білдірді. Кеш барысында әншінің ұстазы, белгілі жазушы Пернебай Дүйсенбин сөз сөйлеп, Сәуленің әр кездегі ізденісіне тоқталып, бүгінгі таңда барша қазақтың ғажайып әншісіне айналғанын тілге тиек етіп, шығармашылық табыс тіледі.

Е.Жаңабайұлы.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support