- Advertisement -

Атаулы әлеумет тік көмек алушылар саны анықталуда

49

- Advertisement -

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыс әкімінің орынбасары Талғат Момышевтің, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары басшыларының орынбасарлары Құдайберген Қорғанбаев пен Сәкен Арубаевтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Олар Мемлекет басшысының «Nur Otan» партиясының XVIII съезінде айтқан тапсырмалары туралы баяндап, журналистердің қойған сұрақтарына жауап берді.
Талғат Амангелдіұлының айтуынша, еліміздің бас партиясының жуырда өткен съезінде Мемлекет басшысы берген тапсырмаларға сәйкес облыста ауқымды жұмыстар қолға алынуда екен. Ең алдымен халықтың аз қамтылған топтарына қолдау көрсету көзделген. Сондай-ақ үстіміздегі жылдың 1 шілдесінен бастап жалақысы төмен бюджеттік сала қызметкерлерінің айлығы 30 пайызға артып, бұл игілікті облыстың 40 мыңнан астам тұрғыны сезінбек. Басқосуда аудандық және облыстық деңгейде халықпен тікелей жұмыс істейтін атқарушы органдардың төменгі қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен 25 пайызға артып, оны алатын қызметкерлер санының 2403 бірлікке жеткені де атап өтілді.
Табысы төмен, әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсету өлшемі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына дейін, яғни 14849 теңгеден 20789 теңгеге дейін арттырылатын болады. Бүгінгі таңда бұл көмекпен 75 мың адам, 14852 отбасы қамтылып отыр. Қайта есептеудің нәтижесінде алғашқы әлеуметтік көмек алушылар саны 1,5 есеге артып, 116,2 мың адамды құрап, 23240 отбасына жеткен. Бұдан басқа, бұл көмекті алуға құқығы бар көпбалалы отбасылардың әрбір баласына 20 789 теңге берілетін болады. Қазір мұндай санатқа жататын отбасылардың нақты саны анықталу үстінде екен.

Марат Құлибаев

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support