- Advertisement -

8 жасар ақтаулық шахматшы Ресей кубогын иеленді

38

- Advertisement -

8 жасар ақтаулық шахматшы Ресей кубогын иеленді

АСТАНА. ҚазАқпарат — Ақтаулық 8 жасар шахматшы Назар Талғатов Ресейдегі халықаралық жарыста чемпион атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Лада.кз сайтына сілтеме жасап.

«Дебют» шахмат мектебінің басшысы Әнуар Шайхымовтың мәліметінше, жарысқа Ресейдің түрлі өңірлерінен 200-ден астам ойыншы қатысты. Қазақстаннан барған жалғыз спортшылар — «Дебют» мектебінің шәкірттері Назар Талғатов пен Алан Тасмұханов болды.

Сегіз жасар Назар Талғатов 11 жасқа дейінгі санат бойынша 34 шахматшының барлығын басып озып, «Жеңіс кубогын» иеленді. Ол Марабаев атындағы №7 мектептің 2-сынып оқушысы.

Әнуар Шайхымовтың айтуынша, бала шахматты өзінен жасы үлкендерге қарағанда әлдеқайда кәсіби деңгейде ойнайды. Спорттық бірінші разрядқа ие. Сондай-ақ ол рапидтен (жылдам шахмат) Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері, Қырғызстандағы халықаралық чемпионаттың алтын медаль иегері және «Aktau Chess Open» халықаралық турнирінің чемпионы.

Тағы бір ақтаулық шахматшы Алан Тасмұханов 13 жасқа дейінгі санатта алғашқы ондыққа ілігіп, жетінші орын алды.

8 жасар ақтаулық шахматшы Ресей кубогын иеленді

 

Дереккөз;kazinform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support