- Advertisement -

Өңір тұрғындарының күнкөріс деңгейі

45

- Advertisement -

Облыс бойынша халықтың жан басына шаққандағы күнкөрісінің ең төменгі деңгейінің шамасы орташа есеппен ағымдағы жылдың қаңтар айында 24 031 теңгені құрағаны белгілі болып отыр. Осы мерзім ішінде негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормалары бойынша есептелінген бұл көрсеткіш өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 1,1 пайызға өскен.
Яғни есепті кезеңде тұрғындардың жан басына шаққандағы азық-түлік тауарларына жұмсалған шығыны орташа есеппен 13 217 теңгені құраса, азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен ақылы қызметтер құны 10 814 теңге көлемінде қалыптасқан. Бұлар – облыстық статистика департаменті келтірген деректер.
Айта кету керек, ең төменгі күнкөріс деңгейі – мөлшері бойынша ең төменгі тұтыну қоржынының құнына тең, бір адамға қажетті ең төменгі ақшалай табыс. Ең төменгі тұтыну қоржыны адам тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құндық көріністегі ең төменгі жиынтығы болып табылады. Ол азық-түлік қоржынынан және азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтерге жұмсалатын шығыстардың бекітілген үлесінен тұрады.
Ал күнкөрістің ең төменгі деңгейін есептеуге арналған аз тұтынылатын азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың үлесі ең төменгі тұтыну қоржыны құнының 45 пайыздық мөлшерінде белгіленген.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support