- Advertisement -

Колледж студент терінің еңбектері

64

- Advertisement -

Облыстық тарихи-өлкетану музейінің көрме залында «Ел ертеңі – білімді жастар» атты Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі студенттерінің шығармашылық көрмесі ашылды. Шара барысында облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Сейітжан Ілияс пен Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің директоры Айдархан Биназаров сөз сөйлеп, көрменің лентасын қиды.
Көрмеге студенттердің жүзге жуық еңбектері қойылды. Оның ішінде ағаштан, металдан, теріден жасалған және зергерлік бұйымдар да баршылық. Гобелен үлгісінде, шиден, кесте түрінде тоқылған шығармашылық бұйымдар жас шеберлердің ерекше ізденгенін байқатып тұр. Мәселен, Сержан Сейітжановтың темірден жасалған «Батыр» атты (панно үлгісімен) картинасы тамашалаушыларды бейжай қалдырмаса, Қазына Сыпатайдың гобелен үлгісіндегі «Музыка» шығармасы да сәтті шыққан дер едік. Мұнда ән салып тұрған әйел бейнесі әдемі көрініс тапқан. Тоқыма кестесі арқылы жасаған Айжан Айтқұлдың «Еліктер» шығармасына тәнті болсақ, Ақерке Қырықбайдың шиден тоқылған «Бақыт ағашы» еңбегін де жоғары бағаладық. Көрмеде мұнан өзге де бірнеше әсерлі еңбектер, ізденістен туған шығармалар жеткілікті. «Бұл көрме бірнеше күн бойы келушілер назарына ұсынылды. Жұрттың аталған көрмеге деген қызығушылығы жоғары. Жастардың жақсы дайындықпен келгені көрініп тұр», – дейді облыстық тарихи-өлкетану музейінің қор сақтаушысы Лаура Байтұрсынова.

Е.Алдаберген.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support