Тараз қаласын көркейту жұмыстары жалғаса береді

Өткен жылы облыс орталығы Тараз қаласының келбетін айшықтайтын көптеген жобалар қолға алынып, жүзеге асырылды. Шаһар шырайын
арттыратын жұмыстардың нәтижесін барша тұрғындар сезіне білді. Басқа
бастамаларды айтпағанда, Б.Момышұлы атындағы «Жеңіс» және Қ.Рысқұлбеков атындағы саябақтарына, «Үшбұлақ» каналының жағалауына жүргізілген
абаттандыру жұмыстары тарихи Таразды барынша түлете түскені сөзсіз. Қала келбетін көркейте түсетін мұндай ауқымды жобалар биыл да өз жалғасын таппақ.

Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің төрағалығымен өткен қала кеңесінде ағымдағы жылы атқарылатын жоспарлы жұмыстардың барысы пысықталды. Басқосуда алғашқы болып сөз алған «Сәулеттік бюро» мекемесінің директоры Арман Абдешов «Шахристан» мәдени-тарихи орталығының эскиздік жобасы, «Мамыр» саябағын қайта құру, «Жастар аллеясының» құрылысын талқылау секілді жобалардың жоспарына тереңірек тоқталды.
Айта кету керек, 200 гектардан астам аумақты алып жатқан Шахристан кешенінің келбеті жаңа кейіпке енеді. Онда алдағы уақытта көркем сурет галереясы, музей, көрме және руханият орталығы, арбат, қолөнер шеберханасы, мейрамхана, сонымен қатар амфитеатр және көлемді сағат стеласы сияқты бірнеше нысан бой көтермек. Өңір басшысы бұл бағыттағы жұмыстарды асқан мұқияттылықпен қарап, орталық маңында қонақтар үшін барлық жайлы жағдай жасалу керектігін баса айтты. Оның ішінде, сол аумақтағы көлік қозғалысы, ғимараттардың эскиздік үлгісі, көшелердің тұйықталар тұстарын реттеу және тағы басқа мәселелер назарға алынды. Сондай-ақ «Атшабар» аумағы мен «Мамыр» саябағының қайта жаңғырту шараларының да жобасы сараланды.
Жиында Б.Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағына аттракциондар орнату, Үшбұлақ жағалауындағы абаттандыру жұмыстарының жалғасы, Тараз қаласындағы көшелер қиылысындағы бағдаршамдар мен жол белгілерінің орналасу тәртібі, «Қазақ хандығы» монументінің айналасындағы жер мәселелері де жан-жақты қаралып, талқыланды.
Асқар Исабекұлы бұл жобалар бойынша қажетті құжаттарды тезірек реттеу үшін тиісті басшыларға нақты тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар Шахристан аумағындағы құрылыс жұмыстарын уақыт созбай бастау керектігін айтты.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Comments are closed.

микро займ на карту