- Advertisement -

Оқушыларымыз олжамен оралды

52

- Advertisement -

Түркістан қаласында «Алаш үміті» атты ІІ халықаралық «Рухани жаңғыру» фестивалі өткізілді. Жайылма ауылынан шыққан өнерлі оқушылар осы фестивальге қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Атап айтар болсақ, «Көркемсөз оқу», «Вокал», «Би», «Дәстүрлі ән», «Бейнелеу өнері», «Қолөнер», «Аспаптарда орындау» секілді аталымдар бойынша өткен өнер аламанында 15 оқушымыз бақ сынады.
Жанбота Түлкібекова, Гүлсара Пайзрахманова, Мұхтар Жанәбілов сынды мұғалімдер бастап барған білім алушыларымыз фестивальден жақсы нәтижемен оралды. Дамир Қырғызбай, Жансая Сақтаған, Сағи Шәмші бас жүлдегер атанса, Қанат Байулиев, Кәмшат Өтебекованың оқушылары Бекжан Қуанышбек, Қарлығаш Тәжіхан, Диана Өмірзаққа бірінші орын бұйырды.
«Дәстүрлі ән» номинациясы бойынша Дариға Игенбаеваның шәкірттері Балнұр Қалқаман, Бекболат Қуанышбек үздік үштіктен көрінді.
«Аспаптарда ойнау» аталымында домбыра сыныбының ұстаздары Жансая Рахымжанова мен Күлайша Омарова және Айнұр Жазықбаева бастап барған Сандуғаш Сәбит, Арайлым Ақшабаева, Нұрай Нәшентай, Аруай Құдайберген дипломант атанды. Сондай-ақ баян сыныбының мұғалімі Жанар Сабырбаеваның оқушылары Ерсұлтан Иматаев үшінші орын алса, Ерасыл Марат дипломант болып танылды. «Жас қалам» номинациясы бойынша Аруай Құдайберген топ жарды.
Ұйымдастырушылар жеңімпаз оқушыларға дипломдар мен кубоктар табыстады. Сонымен қатар барлық пән мұғалімдері мен мектеп директоры Әмірәлі Әбеновке белсенділік танытқаны үшін «Үркер» шығармашылық дамыту орталығының Алғыс хаты мен сыйлықтары тапсырылды.

Қанат БАЙУЛИЕВ,
Жайылма ауылдық балалар өнер мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Сарысу ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support