- Advertisement -

Еліміздегі отбасыларда ажырасу жиілеп кеткен 

59

- Advertisement -

Елімізде шаңырағы шайқалып, ойран болған отбасылар көбейді.  Былтыр неке қиған 102 мың жұптың 41 мыңы ажырасып кеткен.

Ерлі зайыптылардың 86 % балаларының болғанына қарамастан бірге тұрудан бас тартады. Оған не себеп?

Бұл Антонинаның қорқынышқа толы күндерді артқа тастап, алға аяқ басқан қазіргі сәті. Ащы суға құмар күйеуінің соққысынан әбден қажыған ол, екі баласын құшақтап осы «Үміт» дағдарыс орталығына пана іздеп келген. Ажырасуға арыз жазған. Өзі жетім болғандықтан 7 жыл отасқан қосағының қорлығына балалары үшін шыдап келген. Дегенмен, ұяда көрген әке тәрбиесі сәбидің санасына әсер етпей қоймады.

Антонина:

— Күйеуімнің ұрып-соққаны үлкен ұлымның психикасына қатты әсер етті. Қол көтерген сәттері баланың есінде қалған. Ол бар көргенін айтып отырады.

Негізінен ажырасуға апаратын басты себептердің бірі – тұрмыстық зорлық-зомбылық, сондай-ақ ерлі- зайыптылардың ішімдікке және құмар ойындарына әуестігі мен материалдық жағдай. Бұл тек тізімнің басы ғана. Мамандар бұдан өзге бірнеше факторды атады.

Майя Қасымова, Алматы аудандық сотының судьясы:

— Сотқа шағымданушылардың себептері әртүрлі. Ұзақ уақыт балалары болмағандықтан ерлі-зайыптылар арақатынасының суып кетуі. Әлеуметтік желілер арқылы танысып, үйленгеннен кейін мінездері келіспей ажырасып жатады. Сондай-ақ ерлі-зайыптылардың екі қалада тұруы да себеп болады. Бұл әсіресе Астанада жиі кездесетін жағдай. 

Шаңырағы берік отбасылар еліміздің оңтүстік және батыс өңірінде екен.

Ал Павлодар облысы ажырасу бойынша көш бастап тұр. Түркістан облысында керісінше бірлігі бекем жанұялар көп. Неке қиятындар санының көптігі бойынша Астана қаласы көш бастап тұр.

Авторлары: Ғазиза Мұхамеджанова, Өмірбек Изимов

 

24.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support