- Advertisement -

Жанкүйерлердің үмітін ақтауға тырысамыз — Андрей Карпович

54

- Advertisement -

 Жанкүйерлердің үмітін ақтауға тырысамыз - Андрей Карпович

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат — «Оқжетпес» футбол клубының жаңа бас бапкері Андрей Карпович алдағы маусымдағы жоспарлары туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Команданың бас жаттықтырушысы ретінде өзіме қойылатын талаптарды жақсы білемін. Команда соңғы кездері ала-құла ойнап жүр. Бұл әрине, премьер-лигада тұрақты өнер көрсеткісі келетін команда үшін  тиімсіз. Сондықтан, жақында оқу-жаттығу жиындарында команданы жасақтап, алдағы мақсаттарымызды айқындайтын боламыз. Әсіресе, үздіктер қатарына іліну үшін бар күшімізді саламыз. Ең басты клуб басшылығы мен жанкүйерлерінің үмітін ақтауға тырысамыз, — деді Андрей Карпович.

Айта кетейік, бүгін «Оқжетпес» футбол клубының басшылығы БАҚ өкілдеріне команданың бас жаттықтырушы болып тағайындалған Андрей Карповичті таныстырды. Онда клуб басшылығы енді «Оқжетпестің» премьер-лигада 90 пайыз жаңа құраммен ойнайтынын айтқан болатын.

 

kazinfrom.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support