- Advertisement -

Жақсылығы мол болғай!

43

- Advertisement -

Күләш Ахметова,
ақын,
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.

– Мезгіл – өзеннің тоқтаусыз ағуы – өмір заңдылығы. Адам баласының көңілге медеу тұтатыны сол уақытын қалай тиімді өткізгенінде болса керек. Тарихтың тағы бір жылының ақ парақтары ашылады.
Өтіп бара жатқан жылдың да өз жақсылықтары, қымбат сәттері болды. Елбасымыз Жолдауларында еліміздің одан әрі дамуының бағдарын көрсетсе, «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласы арқылы еліміздің тым тереңде жатқан тарихынан, атқа міну мәдениетінен бастап, жеріміздің көркі – алма мен қызғалдаққа дейін жеке-жеке тоқталып, ұлттың есіне, ұрпақтың санасына салуды мақсат етіп қояды. Төл тарихын танып, білетін, ұлттық ерекшеліктері мен тума мәдениетін әлемдік өркениетке еркін ұсына алатын ел – Мәңгілік Ел. Мақаланы оқып отырып, халқымыздың тозбас інжу-маржандарын алақанымызға салғандай күй кешіп, кеудемізді мақтаныш кернеді. Бұған, әсіресе жастарымыз ынта танытып, нағыз отаншыл бола алса, құба-құп. Келесі жылды «Жастар жылы» деп атауынан мол үміт күтеміз.
Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің аса іскерлігімен, біліктілігімен өңірде аз уақыттың ішінде қыруар жұмыс атқарылды. «Жеңіс» және Қайрат Рысқұлбеков саябақтары жөнделіп, көріктене түсті. Облыс әкімдігінің алдына жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың ескерткішінің қойылуы тұрғындардың ризашылығын оятты.
Біздің сүйікті шаһарымыздың көркін ашып, айрықша жараса қалған субұрқақтар қандай! Сол тұста аузыма түскен екі шумақты келтіре кетейін.

Қыран көңіл қалқысын.
Субұрқақтар шалқысын.
Біздің Асқар ініміз,
Туған екен халқы үшін.

Қызметін бастапқы,
Көркемдіктен бастапты.
Көне Тараз жеріне,
Өлең жазып тастапты.
«Әкімнен із қалсын, ақыннан сөз қалсын» деген осы ғой.
Жаңа жыл халқымыз үшін несібелі, ырысты жыл болғай!

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support