- Advertisement -

Жемқорлыққа қарсы тұру – баршаның ісі

24

- Advertisement -

Жуырда облыс орталығында халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай Ашық есік күні өтті. Облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаменті ұйымдастырған шараға қатысушылар заңсыз сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттеріне байланысты толыққанды мәліметтер алды.
Шараның ашылу салтанатында аталған департаменттің ішкі қауіпсіздік басқармасының басшысы Бақтияр Бектұрғанов еліміздің әрбір азаматы сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге белсене атсалысып, келеңсіз жайттар орын алған жағдайда бұл туралы тиісті органдарға хабар беруі тиістігін тілге тиек етті.
Айта кету керек, бұл күні тұрғындардың сұрақтарына мемлекеттік кірістер департаментіне қарасты басқармалар мен бөлімдердің жауапты мамандары жан-жақты жауап берді. Атап айтқанда, қосымша құн салығын әкімшіліктендіру және жанама салықтар, мәжбүрлеп төлету бөлімдерінің, кедендік бақылау басқармасының, сондай-ақ «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы мен Әділет департаментінің қызметкерлері қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша тараздықтарға құқықтық кеңестер беріп, қызмет көрсетулер ұсынды.

Есен ӨТЕУЛИЕВ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support