- Advertisement -

Кеніштер де сандық технологияларға көшірілуде

40

- Advertisement -

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында өңірімізде биылдың өзінде бірқатар бастамалар жүзеге асырылғанын атап өтуіміз керек. Олардың қатарында тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, туризм, білім, денсаулық сақтау, құқық қорғау, құрылыс және сәулет, инвестиция тарту, жер телімдерінің электронды картасын жасау салаларын цифрландыру, тұрғындардың сауаттылығын арттыру бастамалары бар.
Мұның ішінде, әсіресе «Алтын алмас» АҚ кенішін цифрландыру жобасы қарқынмен жүзеге асырылу үстінде екенін баса айта кеткеніміз жөн. Бүгінгі күні IT инфрақұрылым және сәулет құрылымының құрылысы жүргізіліп жатыр. Ал акционерлік қоғамның «Ақбақайдағы» филиалында жерасты Wi-fi құрылғысын орнату мен құрастырудың дайындық жұмыстары басталды. Бұл нысан келер жылғы қаңтар айының соңына қарай өзінің мәресіне жетпек.
Ал серверлік қондырғылар «Цифрлық Қазақстан» жобасын жүзеге асыру мүмкіндігі бойынша орнатылатын болады. Сондай-ақ «Ақбақай» кенішіне тау-кен және геологиялық барлау үдерістерін енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда компанияда автоматтандыруды дамытудың нақты деңгейіне қол жеткізілді: тау-кен өндіру индустриясында мойындалған Surpac және MineSched сияқты бағдарламалық өнімдерді пайдаланумен орта және ұзақмерзімді жоспарлаудың негізгі жүйелері енгізілді. Алдағы уақытта осылай Mine Advisor (Sight Power) жүйесі арқылы барлық тау-кен геологиялық қызметтерінің бірыңғай ақпараттық ортада жұмыс істеуі үйлестірілмек.
Бұдан өзге, жерасты және жерүсті жайғастыру жүйесі енгізілуде. Бейнебақылау құрылғылары, GPS-monitoring жүйесі отын шығынын және техника мен қызметкерлердің бағдарын қадағалайды, сондай-ақ шынайы уақыт режімінде геология бойынша өндірістік үдерістерге мониторинг жүргізуге арналған планшеттер бар. Алтын өндіретін фабрикаларда қайта өңдеу үдерістері Scada жүйелерімен басқарылады.
«Ақбақай» филиалындағы ашық тау-кен жұмыстарын басқаруды автоматтандыру жобасын келер жылы жүзеге асырылу жоспарланған. Осы кеніштегі жерасты тау-кен жұмыстарын автоматтандыру келесі жылдың қаңтар айында басталатын болады. Бұл тұрғыда Ұлттық технологиялық даму агенттігінің жобаға жұмсалынатын шығындардың біртіндеп орнын толтыруға бағытталған грантына қол жеткізіліп отыр.
Мұнда анықтау және жобалау кезеңдерінен кейін шахталық жерасты су бұру қондырғыларын басқару жүйесін автоматтандыру сәтімен жүзеге асырылды. Стационарлық қондырғыларды қосымша автоматтандыру келер жылға жоспарлануда. Алтын өндіретін фабриканы (ауқымды мәліметтер жинақталған жүйені қоса алғанда) басқаруды автоматтандыру жобасын жүзеге асыру да келер жылдың үлесіне тиіп отыр.
Осындағы Geovia InSite және ERP жүйелерінің базасында жоғары деңгейлі кіріктіру мәселесінде жеткізушілердің шешімі де таңдалынды. Бұл орайда Dassault Systemes сараптамалық талдау кезеңі өткізілді. Ал қолжетімділікті басқаруды бақылау жүйесін енгізу шешімдерді таңдау мен әлеуетті жеткізушілерді зерделеу тұжырымдамасын әзірлеу сатысында тұр. Құрамына жоғарыда аталған акционерлік қоғамның «Ақбақай», «Ақтоғай» филиалдары кіретін орталық диспетчерлік және тренингтік орталық құру бастамасы бойынша нысандарды жобалау барысында жеткізушілерді таңдау кезеңін жүзеге асыруға байланысты модульдық бағдарламалар нұсқалары талқылану үстінде.
Бүгінгі күні «Алтын алмас» компаниясында «Цифрлық кеніш» жобасы аясында пилоттық режімде жүзеге асырылып жатқан жұмыстар, міне, осындай. Айта кету керек, бұл компания – еліміздегі жетекші алтын өндірушілердің бірі. Жылына мұнда 4 мың тоннадан астам алтын өндіріледі. Бүгінде «Алтын алмас» өндірістік филиалдарында 1,5 мыңнан астам адам еңбек етеді және 100-ге жуық тау-кен техникасы жұмыс істейді.
«Цифрлық кеніш» жобасының мәні көптеген жабдықтарға арнайы құрылғылар орнатылады. Мысалы, кен тасымалдайтын көліктерде аталған құрылғыларды пайдаланған жағдайда ЖЖМ шығындары азаяды. Тоқтап қалулардың болмауы, аталған жабдықты әлдеқайда тиімді пайдалану арқылы шахталық жабдықтардағы қысқару 55 пайыздан асады.
Осылайша бүгінгі таңда «Алтын алмас» жоғарыда аталған бағдарламаның алғашқы кезеңін іске асыру кезінде шығындарды 15-20 пайызға азайту мүмкіндігіне қол жеткізіп отыр.

Нұрболат ЖОЛДАСБЕК,
«Жамбыл облысының инвесторларға қызмет көрсету, жобалық басқару және цифрландыру орталығы»
КМК баспасөз хатшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support