- Advertisement -

Телебағдарламаны жариялау керек пе?

113

- Advertisement -

Жылдағы дәстүр бойынша мерзімді басылымдарға жазылу науқаны басталысымен «Аq jol» газетінің шығармашылық тобы аудандарды аралап, оқырмандармен кездесуде. Біз алғашқы сапарымызды тоғыз жолдың торабындағы Шу ауданынан бастадық. Онда оқырмандар тарапынан бірқатар мәселелер көтерілді. Оның ішінде үйлеріне газ тарту мәселесін көтеріп, оның бағасының шектен тыс қымбат екеніне алаңдаушылық білдірген оқырмандар бар болатын. Осы мәселе бойынша шұғыл түрде газетіміздің шулық тұрақты авторлары мен тиісті басқарма өкілінің мақалалары жарияланды. Бұдан газет оқырмандары көтерген бірде-бір мәселе назарымыздан тыс қалмайтынын аңғаруға болады.
Шу ауданындағы оқырмандарымызбен кездесу барысында ардагер-ұстаз Несіпхан Қоңырбаев газет ұжымына шығармашылық табыс тілей отырып, «…басылым бетінде жарияланып жүрген телебағдарламаны алып тастап, оның орнына жас ұрпаққа рухани азық боларлықтай тағылымды дүниелерді жарияласаңыздар деген ұсынысымды білдіргім келеді», – деген.
Телебағдарламаны алып тастау туралы ұсыныстарын оқырмандар редакциямызға телефон арқылы да білдіруде. Біз бүгін осы мәселені өздеріңіздің талқыларыңызға салмақпыз. Егер көпшілік апта сайын газеттің бір бетін алатын телебағдарламаның орнына түрлі тақырыптардағы тағылымды дүниелерді беруді жөн деп тапса, онда жаңа жылдан бастап редакция басшылығы телебағдарламаның орнына оқырмандарымызды толғандыратын дүниелерді жариялайтын шешімге тоқталмақ.

 

Амангелді ӘБІЛ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support