Cерік қонақбаев AIBA президенті бола алмай қалды

25

Ресей Федерациясының астанасы Мәскеу қаласында халықаралық әуесқой бокс қауымдастығының (AIBA) конгресі өтті. Келелі жиын барысында қауымдастықтың жаңа президенті сайланды.
Президенттік сайлауға қауымдастықтың уақытша басшысы, өзбекстандық Гафур Рахимов пен 1980 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, отандасымыз Серік Қонақбаев түскен болатын.
Дауыс беру қорытындысы бойынша AIBA-ның жаңа президенті болып өзбекстандық Гафур Рахимов сайланды. Оны жүз отыз төрт делегаттың сексен алтысы қолдап дауыс берді. Серік Қонақбаев сайлауға бірнеше күн бұрын ғана жіберілген еді.
Қазан айының соңында халықаралық Олимпиада комитеті Гафур Рахимовты сайлаудан бас тартуға шақырған-ды. Ресми хатта Гафур Рахимов өз кандидатурасын ұсынған жағдайда әуесқой бокс Олимпиада ойындарының бағдарламасынан алынып тасталуы мүмкін екендігі де айтылған еді.
Сайлау өткеннен кейін Серік Қонақбаев өз ойымен бөлісті. «Әлбетте, қорытынды нәтиже көңіл-күйге әсер етті. Әйткенмен боксшылардың олимпиадалық армандары орындалуы үшін күресті тоқтатпаймын. Бұл соңы емес, сүйікті спортымызды қорғаудың басы ғана. Сондықтан мен тоқтамаймын. Бірінші раунд біткенімен, екінші раунд басталады», – деді ол.

 

Табиғат АБАИЛДАЕВ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.

микро займ на карту