Мұғалім мәртебесі көтеріледі

Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы жетістікке жету үшін нендей жұмыстар істелуі қажеттігін айқындады. Мемлекеттің қарыштап дамуының бағдарын айқындаған құжат межеленген міндеттерді саралауға, ой елегінен өткізуге мүмкіндік береді. Жаңа мақсаттар мен міндеттерге, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын Жолдау халықтың болашаққа деген сенімін нығайта түсті. Нақтырақ айтқанда, қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі басты басымдыққа айналуға тиіс екенін, жаңа технологиялар, роботтандыру мен автоматтандыру еңбек ресурстарына және адам капиталының сапасына қатысты талаптарды күрделендіруді, қаржы жүйелерінің мүлде жаңа архитектурасының түзілуін т.б. маңызды мәселелерді атап өтті. Басты мақсат – Қазақстан дамыған 30 елдің қатарына ену.
Жолдаудың екінші басымдығындағы төрт негізгі міндеттерінде білім саласында адами капиталды дамыту және білім сапасын арттыру, қоғамда мұғалім мәртебесі мен беделін көтеру мәселелеріне тоқталды. Биылғы Жолдауды еліміздегі ұстаздар қауымы зор қуанышпен қарсы алды. Елбасы жоғары білім беруге қатысты, педагог мәртебесі жайында бірқатар маңызды міндеттерге тоқталып, 2019 жылы «Педагогтердің мәртебесі» туралы Заң қабылданатынын атап өтті. Ол заң мұғалімдерді және мектепке дейінгі мекемелердің қызметкерлерін ынталандыратын барлық тетіктерді қарастыратыны бізді қуантады. Бұл – қазақстандық ұстаздар қауымының қоғамдағы беделін арттырып, орнын айшықтауға зор қадам болмақ. Халыққа сапалы білім беру, сапалы медициналық қызмет көрсету үшін барлық жағдай жасалуы керек екені де айтылды. Қазіргі уақытта білімге, инновацияға толық мүмкіндіктер жасалған. Әр адам өз өмірінің маңызды, мәнді, қоғамға қажетті болуы үшін еңбек ететін болса, осы арқылы біздің әрқайсысымыз еліміздің гүлденуіне үлесімізді қосамыз деп ойлаймын.

Әндия Бейсенқұлова,
«Өрлеу» БАҰО» акционерлік қоғамы филиалы – облыс бойынша ПҚ біліктілігін арттыру институтының мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш білім беру кафедрасының аға оқытушысы.

Comments are closed.

микро займ на карту