Ақпарат тық қауіпсіздік өте маңызды

21

Еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитеті облыс бойынша департаментінің өкілдері облыстық Қан орталығында ақпараттық қауіпсіздік мәселелері жөнінде жиын өткізді. Оны облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Хамит Мырзақасымов сөз сөйлеп ашып, медициналық мекемелер мен орталықтардың басшыларына, дәрігерлерге келген қонақтарды таныстырып, қозғалатын мәселенің өзектілігіне тоқталды.
Аталған департаменттің ақпарат және КИБР қауіпсіздік басқармасының басшысы Жаңабек Төлепбергенов хабарлар тасымалданатын байланыс арналары көбінесе қорғалмаған болып келеді және осы арнаға қатынас құру құқығы бар кез келген адам хабарларды қолға түсіре алатынына тоқталды. Қауіпсіздікке қарсы әрекет жасаушылар білместіктен орындауға әрекет жасаған немесе ол үшін саналы түрде әртүрлі мүмкіншіліктерді, әдістерді және құралдарды қолдана алады екен. Елбасы «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының орындалуына ерекше мән беріп отырғанына тоқталды. Ақпараттық қорғау құралдары мемлекеттік құпия болып табылатын мәліметтерді қорғауы тиіс. Олар мәліметтерді қорғауға арналған техникалық, криптографиялық, бағдарламалық құралдардың тиімділігін меңгергендері жөн.
Ақпаратты қорғау құралдары – мемлекеттік құпия болып табылатын мәліметтерді қорғауға арналған техникалық, криптографиялық, бағдарламалық және басқа да құралдар, сондай-ақ ақпарат қорғаудың тиімділігін бақылау құралдары. Бұл орайда ықтимал бұзушының үлгісін таңдау, ықтимал бұзушының таңдап алған үлгісіне сәйкес ақпаратқа заңсыз қол жеткізген арналарды барынша іздеп табу, пайдаланылған қорғаныш құралдарының әрқайсысының беріктігін, сапасын бағалау керек.
Жиында аталған департамент­тің ақпарат және КИБР қауіпсіздік басқармасының бас маманы Арсен Тоқсанов ақпараттық қауіпсіздік жолдарын нығайту, компьютерлік сауаттылық, әлеуметтік желідегі белсенділік жөнінде айтып, жан-жақты түсіндірді. Ақпараттық қауіпсіздікке залал келтірушілермен күресе алмағандар жазаланатынын да ескертті.
Мұнан соң облыстық Қан орталығының бас дәрігері Гулам Умаров, Тараздағы №4 емхананың бас дәрігері Нұртуған Алқуатов ақпараттық қауіпсіздікті нығайту, келеңсіздікпен күрес жайында бірқатар сұрақтар қойып, лайықты жауап алды.

 

Есет ДОСАЛЫ

Leave A Reply

Your email address will not be published.

микро займ на карту