- Advertisement -

Бала балуандар бәсекесі

219

- Advertisement -

Елорданың жиырма жылдық мерейтойы аясында қазақ күресінен 2002-2003 жылы туған жасөспірімдер арасында жекпе-жек кәсіпқой спорт клубының кубогіне арналған облыстық турнир өтті.
Облыстық Олимпиада жеткіншектерін даярлау орталығының кешенінде өткен додаға сегіз командадан тоқсан спортшы қатысып, бәсеке көркін қыздырып бақты. Жарыс командалық және жекелей сын бойынша ұйымдастырылды.
Турнир қорытын-дысында командалық есепте жекпе-жек кәсіпқой спорт клубының ұжымы бірінші орынды иеленсе, Мойынқұм ауданының жасөспірімдері екінші орынды, Жамбыл ауданының оғландары үшінші орынды қанжығаларына байлады.
Жекелей сында 46 килограмм салмақ дәрежесінде жекпе-жек кәсіпқой спорт клубының балуаны Асылхан Дүйсенбек топ жарса, 51 килограмм салмақ дәрежесінде облыстық спорт мектебі интернатының үкілі үміті Жақсылық Сейітжапар қарсылас шақ келтірмеді. 57 килограмм салмақ дәрежесінде қарсыластарын алып та, шалып та жыққан таластық Жалғас Сары жеңістің ең биік тұғырынан көрінсе, 64 килограмм салмақта мойынқұмдық Саян Сейітбекұлының мерейі үстем болды. Сондай-ақ 72 килограмм салмақ дәрежесінде облыстық спорт мектебі интернатының спортшысы Талғат Нұртілеу жеңімпаз атанса, 81 килограмм салмақта жамбылдық Жантөре Жұмабай, +81 килограмм салмақта тараздық Сұлтан Әскербек бірінші орынды иеленді.

Табиғат АБАИЛДАЕВ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support