- Advertisement -

Бүйрек трансплантациясы науқас өмірін 2 есеге ұзартады — Болатбек Баймаханов

127

- Advertisement -

АСТАНА. ҚазАқпарат — 2012 жылдан бастап, А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының дәрігерлері бүйректі трансплантациялау бойынша 250-ден астам ота жасады. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне институт жетекшісі, профессор Болатбек Баймаханов хабарлады.

«Республикалық үйлестіру орталығының мәліметтеріне сүйенсек, елімізде 138 науқасқа мәйіттік донорлардың, 944 науқасқа — тірі донорлардың бүйрегі сәтті орналастырылған. Оның 258-і Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында жасалған», — деп атап өтті Болатбек Баймаханов.

Орталық директорының айтуынша, бүйрек терапиясының өзге түрлерімен салыстырғанда, бүйрек трансплантациясы науқастың өмірін 1,5-2 есеге ұзартып, өмір сапасын жақсартады. Науқасты гемодиализ аппаратына тәуелді етіп қоймайды. Бағдарламалық гемодиализ алатын науқастар әдетте аптасына үш рет төрт сағаттық процедурадан өтуі тиіс.

«Бүйректі трансплантациялау — балалар үшін ең жақсы әдіс, себебі гемодиализден баланың дамуына айтарлықтай зақым келеді. Қазіргі уақытта бүйректі трансплантациялаудың гетеротопты және аллогенді (басқа адамнан трансплантация) нұсқалары жиі кездеседі. Кез-келген ота секілді, бүйрек алмастыруға да науқастардың барлығы жіберілмейді, мұнда да бірқатар қарсы көрсетімдер бар», — деп түсіндірді ол.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, тірі туыстық донордан трансплантацияланған бүйректің орташа жұмыс істеу ұзақтығы — 12-15 жыл, мәйіттік донордан алынған бүйрек — 7-9 жыл. Бүйрек трансплантаты жарамсыз болған жағдайда донорлық бүйректі қайта трансплантациялауға болады.

Айта кетерлігі, А.Н.Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығы 1945 жылы Екінші Дүниежүзілік соғыстың ардагерлері мен мүгедектеріне арналған госпиталь базасында ашылған және алғашқы ғылыми-зерттеу мекемелерінің қатарында Қазақ КСР Ғылым академиясының құрамына кірген. Аталмыш Орталықтың негізін қалаушы және тұнғыш директоры ( 1975 жылға дейін) ҚазКСР белгілі ғалымы, қабілетті хирург, ҚазКСР ғылымының еңбегі сіңген қайраткері, академик Александр Николаевич Сызғанов болған. Бүгінде бұл орталық — озық замануи технологиялар бойынша емдеу мен диагностикалық көмек көрсететін жетекші медициналық мекеме.

 

kazinform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support