- Advertisement -

Қытайдың ең бай адамы 2019 жылы Alibaba басшысы қызметінен кетеді 

141

- Advertisement -

Қытайдағы электрондық коммерцияның ең ірі корпорациясының негізін қалаушы Джек Ма компанияның басшылық орнынан 2019 жылдың 10 қыркүйегінде кетеді. Бұл туралы Alibaba Group-тың жарияланған мәлімдемесінде айтылған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости ақпарат порталына сілтеме жасап.

«Бүгін Alibaba компаниясының 19 жылдығы. Тура бір жылдан кейін яғни, 2019 жылдың 10 қыркүйегініде компанияның 20 жылдығында мен бұдан былай Alibaba Group корпорациясының директорлар кеңесінің төрағасы болмаймын», — делінген компанияның ресми әлеуметтік желідегі Weibo парақшасында.

Басқарманың төрағасы лауазымына CEO компанияның бас атқарушы директоры Чжан Юн (Дэниэл Чжан) ие болады.

«Бүгіннен бастап мен компания жаңа үрдіске жеңіл көшуі үшін бар күшіммен Чжан Юнға көмектесетін боламын», — деп мәлімдеді Джек Ма.

2019 жылдың 10 қыркүйегіннен кейін Джек Ма 2020 жылға дейін акционерлердің жылдық кеңесіне дейін директорлар кеңесінің мүшесі болып отырады.

tengrinews.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support