- Advertisement -

Дәрігерлер келісілген еңбекақы алатын болады — министр

109

- Advertisement -

Дәрігерлер келісілген еңбекақы алатын болады - министр

АСТАНА. ҚазАқпарат — 2019 жылы Қазақстанда жалпы практика және бейінді дәрігерлерге келісімді еңбекақы төлеу енгізілетін болады. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режимдегі отырысында еліміздің Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Отырыста алғашқы медициналық көмектің сапасын жақсарту шаралары туралы баяндаған министр: «Алғашқы медициналық көмек мамандарының құзіретін арттыру бойынша  бейінді дәрігерлерге өкілеттіктер беруді ескере отырып, алғашқы медициналық көмек мамандарының қызметтерін кеңейту және отбасылық дәрігерлерді дипломнан кейін оқыту жаңа стандартын енгізу жоспарлануда. Мамандарды ынталандыру мақсатында 2019 жылы қызметтеріне тариф сомасын кезең-кезеңімен арттыра отырып, жалпы практика және бейінді дәрігерлерге келісімді еңбекақы төлеу енгізілетін болады», — деді.

Елжан Біртановтың айтуынша, бұл алғашқы медициналық көмек мамандарының жалақы деңгейін 20  пайызға дейінге арттыруға мүмкіндік береді. Алғашқы медициналық көмек дәрігеріне шаққанда қаралатын пациенттер санын 1700 адамға дейін төмендетіп, медициналық мамандардың жүктемесін азайтуды қамтамасыз етеді.

«Мемемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры аясында бекітілген халықтың тек белгіленген мөлшері шегінде ғана алғашқы медициналық көмек ұйымдарын қаржыландыру қамтамасыз етілетін болады. Осы шаралар аурулардың  және асқынған ауырулардың профилактикасын жақсартуға алып келеді», — деді ол.

 

kazinform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support