- Advertisement -

Индонезияда 7,2 балдық жер сілкінісі болды 

293

- Advertisement -

Индонезияның Ломбок аралында тағы да жер сілкінді.

Қуаты 7,2 балға жеткен зілзала ошағы 300 мың халқы бар Матарам қаласынан 70 шақырымдай жерде тіркелді. Кеше дәл осы аралда 6,3 балдық дүмпу болған еді. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, соңғы зілзаладан 1 адам қаза тапқан. Және де көптеген ғимарат қирады. Бірақ өзге жапа шеккендер туралы әзірге мәлімет жоқ. Дүмпуден кейін тұрғындар жаппай қауіпсіз жерге көше бастады. Тынық мұхиты орталығының мәлімдеуінше, цунами қауіпі төніп тұрған жоқ.

Еске сала кетейік, тамыздың басында осы аралда қуаты 7 балдық жер сілкінісі болып 450 адам көз жұмды. Табиғат апатынан 340 миллион доллар көлемінде шығын келді.

 

24.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support