- Advertisement -

Сайрагүл Сауытбай елде қалатын болды

357

- Advertisement -

Жаркентте өткен сот отырысында судья «Қазақстан шекарасынан заңсыз өтті» деген айып тағылған Сайрагүл Сауытбайды сот залынан босатып, алты айға шартты түрде жазалауға және пробациялық бақылауға алуды үкім етті деп хабарлайды QazaqTimes.kz.
Үкімге дейінгі жарыссөзде прокурор Арзыгүл Имярова Сайрагүл Сауытбайдың балалары Қазақстан азаматы екендігін ескеріп, балаларымен кездесуді қамтамасыз ету қажет екендігін айтқан және оны Қылмыстық кодекстің 392-бабының 1-тармағы (мемлекеттік шекараны заңсыз қасақана кесіп өту) бойынша кінәлі деп танып, алты айға бас бостандығынан айыру, бірақ оны шартты жазаға ауыстыру және алты айға пробациялық бақылауға алу жазасына кесуді және сот залынан босатуды сұраған.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support