- Advertisement -

Тастаяқ сайысында Тәжібаев басым болды

137

- Advertisement -

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында облыстық «Jambyl» телеарнасының ұйымдастыруымен белгілі журналист Мұса Рахманбердиевті еске алуға арналған бильярдтан дәстүрлі турнир өткізілді. Шараны телеарна директоры Жасұлан Әбдіхалық сөз сөйлеп ашып, М.Рахманбердиевтің қазақ журналистикасына сіңірген еңбегіне тоқталып, додаға қатысушыларға сәттілік тіледі.
Мұнан соң тастаяқ додасы басталып кетті. Сайысқа қатысуға қырықтан астам журналист өтініш білдірген. Бильярд бәсекесінде олардың осалы жоқ екен. Дегенмен бұл жолы облыстық «Jambyl» телеарнасының телеоператоры Серік Тәжібаев барлық қарсыластарын ұтып, жеңімпаз атанды. Ол шешуші ойында облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметкері Бауыржан Әбдіманаптан басым түсті. Ал турнирдің үшінші жүлдесін республикалық «Жас Алаш» газетінің облысымыздағы меншікті тілшісі Нұрболат Әлдибек иеленді. Сондай-ақ бірқатар қатысушылар «Турнирдің үздік ойыншылары» атанды. Мұндай марапатқа ақжолдық әріптесіміз Ерғали Қартайған да ие болды. Ерғали алғашқы ойындарында Нұржан Мергенбай, Азамат Әлімқұлов, Руслан Шүңіреков секілді әріптестерінен басым түсіп, жартылай финалда Серік Тәжібаевқа 1:2 есебімен соңғы сәтте ғана жол бергенін айта кеткеніміз артық болмас. «Турнирдің үздік ойыншысы» аталымына ие болғандар қатарында облыстық «Знамя труда» газетінің бас редакторы Бекет Момынқұл, осы басылымның қызметкері Асылхан Шүңіреков, халықаралық «Хабар 24» телеарнасының телеоператоры Тимур Сейілханов, республикалық «Астана» телеарнасының телеоператоры Элдар Байділда бар.
Турнир жеңімпазы мен жүлдегерлерін облыстық «Jambyl» телеарнасының директоры Жасұлан Әбдіхалық марапаттап, дипломдар мен бағалы сыйлықтар тапсырды.

Есет ДОСАЛЫ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support