- Advertisement -

Польша келесі кезеңнен үмітін үзді

108

- Advertisement -

немесе Ресей мундиалінің мықтылары кімдер?

Ресейдегі үлкен футбол тойы қызыққа толы ойындарымен жалғасып жатыр. Алғашқы ойында хорваттарға ұтылған Нигерия құрамасы исландиялықтардан 1:0 есебімен басым түсті. «Е» тобындағы бірінші ойында жеңіске жеткен Сербия бұл жолы Швейцарияға жол берді. Әуелі сербиялық Митрович есеп ашқанымен, Джака мен Шачиридің екінші таимда соққан голдары швейцариялықтарға жеңіс сыйлады. «Г» тобында Германия құрамасын тоқтатқан Мексика жеңісті жолынан таймай келеді. Олар екінші турда Оңтүстік Корея құрамасынан 2:1 есебімен басым түсті. Мексикалықтар тарапынан Карлос Вела мен Хавьер Эрнандос мергендіктерімен көзге түссе, кореялықтар тарапынан Сон Хын гол соғып, есеп айырмасын қысқартты. Осы топтағы Германия екінші турда Швеция құрамасымен кездескен еді. Негізгі уақытта таразы басы тең тұрды. Алайда, германиялықтардың алғашқы минуттардан 10 ойыншымен өнер көрсеткенін айта кеткен жөн. Қосымша уақытта Кростың соққан голы «Неміс машинасына» жеңіс сыйлады. Енді Кростың командаластарына Оңтүстік Корея құрамасынан басым түссе, плей-офф кезеңіне өтуге мүмкіндік бар.
«С» тобындағы Англия құрамасының қарқыны қатты. Олар әуелі туннистіктерден басым түссе, екінші турда Панама құрамасын 6:1 есебімен ұтып, естен тандырды. Бельгиялықтар 5:2 есебімен туннистіктерді тас-талқан етті. Бұл топта Англия мен Бельгияның келесі кезеңге өтетіні белгілі болып тұр. «Н» тобындағы жігерлі Жапония алғашқы ойында колумбиялықтарды ұтқаны белгілі. Олар екінші турда Сенегал құрамасымен тең түсті. Есеп – 2:2. Алғашқы ойында Сенегалға жол берген Польша құрамасы екінші турда колумбиялықтарға үш доп айырмасымен есе жіберді. Дәлірек айтқанда қарсыластарының соққан үш голына поляктар жауап қайтара алмады. Бұл топта да кімнің келесі кезеңге шығатыны алдағы уақыттың еншісінде.
Бүгін кешке «А» тобындағы командалар үшінші тур ойындарын өткізеді. Ресей құрамасы Уругвайға қарсы ойнаса, Сауд Арабия құрамасы Египет құрамасына қарсы жасыл алаңға шығады. Ал мерген ойыншылар көшін 4 голмен португалиялық Криштиану Роналду бастап келеді.

Есет ДОСАЛЫ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support