- Advertisement -

«Астана арландары» финалға бір қадам жақын

116

- Advertisement -

Бүкіләлемдік бокс сериясының кезекті маусымын сәтті өткізіп жатқан «Астана арландары» командасының боксшылары жартылай финалдық бәсекенің алғашқы кездесуінде Ұлыбритания төрінде жергілікті «Бритиш Лайнхартс» командасына қарсы шаршы алаңға шығып, жеңіс тойын тойлады.
Шеффиллд қаласында өткен шайқасты 49 килограмм салмақ дәрежесіндегі саңлақтар бастады. Ұлыбританиялықтардың намысын қорғаған Галал Яфай бірінші кездесуде Теміртас Жүсіповті 2:1 есебімен жеңіп, командасын алға сүйреді. Бұдан соң «Астана арландары» командасының былғары қолғап шеберлері іске шындап кірісті. Алдымен 56 килограмм салмақтағы Ілияс Сүлейменов Ниал Дин Фаррелден айласын асырып, таразы басын теңестірді. Бұдан соң шаршы алаңға 64 килограмм салмақ дәрежесіндегі сайыпқырандар көтерілді. «Астана арландары» командасының бас бапкері Нұрлан Ақүрпеков бұл жолы Ділмұрат Мижитовке сенім артқан болатын. Ділмұрат сенім үдесінен шығып, Далтон Смитті жарқын мәнерде жеңіп, қазақстандық ұжымды есепте алға шығарды.
75 килограмм салмақ дәрежесінде шаршы алаңға жамбылдық жампоз Әбілхан Аманқұл беттеді. Джордан Рейнольдспен қолғап түйістірген Әбілхан қарсыласынан анағұрлым мықты екенін әйгілеп, есепті 1:3-ке жеткізіп, жанкүйерлерді желпінтіп тастады. Бокс кешін 91 килограмм салмақ дәрежесіндегі оғландар қорытынтылады. Өкінішке қарай, ел намысын қорғаған Арбек Абдуғаниев Чавон Кларкқа есе жіберді. Арбек тіпті жекпе-жектің екінші раундында екі мәрте нокдаун алып қалды.
Ұлыбритания төрінде 3:2 есебімен жеңіске жеткен қазақстандық команда енді қарсыластарын 26 мамырда Атырауда қабылдайды. Екі кездесудің қорытындысында басымдылық танытса, «Астана арландары» финалға жолдама алатын болады.

Табиғат АБАИЛДАЕВ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support