- Advertisement -

Өрендерге өлке тарихы қызық

141

- Advertisement -

18 мамыр – Халықаралық музей күніне орай облыстық тарихи-өлкетану музейі ғимаратында Ашық есік күні өтті. Бұл шараға Қ.Сарымолдаев атындағы балалар үйінің қызметкерлері мен тәрбиеленушілері, қала мектептерінің мұғалімдері мен оқушылары қатысты.
Шараны облыстық тарихи-өлкетану музейі директорының орынбасары Ғалия Әлімжанова сөз сөйлеп ашып, тарих қатпарларынан сыр шертетін құнды жәдігерлер сақталған мекеменің жұмысына жан-жақты тоқталып өтті. 60 мыңнан астам экспонат сақталған музейдің әр жәдігері бағалы екеніне күмән жоқ. Мұнан соң Қ.Сарымолдаев атындағы облыстық балалар үйі директорының орынбасары Гүлзахира Мамадалиева сөз сөйлеп, музей қызметкерлерін мерекелерімен құттықтап, балаларға өлке тарихын танытуда музейдің атқарар рөлі зор екенін айтты.
Кейін шараға жиналған ұстаздар мен балалар музейдің «Табиғат», «Кеңес одағы кезеңі», «Тараз – 2000» залдарын аралап көріп, өлкенің тарихына қанықты. Сондай-ақ музей қызметкерлері тарапынан қойылған викториналық сұрақтарға жауап беріп, ұлттық ойындар ойнады.
Шара соңында өлке тарихын тануда белсенділік танытқан балаларға бағалы сыйлықтар беріліп, барлық оқушыларға тегін балмұздақ таратылды. Музей директорының орынбасары Ғ.Әлімжанова шараға атсалысқан ұстаздар мен оқушыларға алғысын білдіріп, жоғары және арнаулы орта оқу орындарымен, мектептермен байланыс жалғаса беретінін жеткізді.

Есет ДОСАЛЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support