- Advertisement -

«Мen qazaqpyn»

112

- Advertisement -

жобасы ауылдағы таланттарды іздейді

Өткен жылы қолға алынған «Мen qazaqpyn» дәстүрлі әнші, күйші, термешілердің халықаралық телевизиялық байқауы» жобасы биыл да жалғасын таппақ. Осыған орай өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткізілген баспасөз мәслихатын «Qazaqstan» РТРК» акционерлік қоғамы «Jambyl.tv» облыстық филиалының директоры Жасұлан Әбдіманап сөз сөйлеп ашып, бұл жобада жарқырап көрінуге біздің өңір таланттарының мүмкіндігі зор екенін айтты. Былтыр «Дәстүрлі ән» аталымы бойынша жерлесіміз Сұлужан Әбенованың жасындай жарқырағанына тоқталып өтті.
Мұнан соң облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Зүбайра Сембина сөз алып, үш аталым бойынша Тараз қаласында және барлық аудандарда іріктеу кезеңдері өтетінін, оны білікті мамандар саралайтынын тілге тиек етті. Байқауға 18-40 жас аралығындағы дәстүрлі өнерге бейімі бар барлық үміткер қатыса алады. Өнерпаздың дипломы немесе кәсіби білімі болуы маңызды емес. Ал облыстық Халық шығармашылығы орталығының көркемдік жетекшісі Эльмира Дүтбаева мегажобаға өңіріміздің дайындығы биыл жоғары екеніне, қатысушы өнерпаздардың сапалық құрамы жақсарғанына, жамбылдықтардың жарқырап көрінуіне мүмкіндіктер бар екеніне тоқталды.
Жобаға «Дәстүрлі ән» аталымы бойынша белгілі әнші Айгүл Мақашева, «Терме өнері» аталымы бойынша термеші-жыршы Ертай Тазабеков, «Күй» аталымы бойынша белгілі күйші Ержан Рысметов баға беріп, барлық аудандарды аралап шығады деп көзделуде. Себебі, «Ел іші – өнер кеніші». Сондықтан биыл жобадан аудан, ауылдарда таныла алмай жүрген жаңа есімдерді де көріп қалуымыз мүмкін. Жобаның негізгі мақсаты да осы, табиғи таланттардың көзін ашу, шынайы өнерге қолдау таныту.
Жиында қонақтарға БАҚ өкілдері тарапынан сұрақтар қойылды. Оларды Жамбыл өңірінде кәсіби білім беретін жеке музыкалық колледж ашылса деген тілек мазалайды екен. Бұл сауалға Зүбайра Сембина жауап беріп, қазіргідей ұлттық өнерді ұлықтап жатқан кезде мұндай оқу орнының ашылуы орынды екеніне тоқталып, білім басқармасымен бірлесіп, алдағы уақытта шешімін табуы тиіс мәселе екенін сөз етті.

Есет ДОСАЛЫ

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support