Қазақстандықтар Головкин — Мартиросян жекпе-жегін қашан көре алады
Қазақстандық Геннадий Головкин мен америкалық Ванес Мартиросянмен өтетін жекпе-жектің билеттерінің бағасы белгілі болды. Сондай-ақ, кездесудің қаншада басталатыны анықталды, — деп хабарлайды Vesti.kz. Басылымның мәліметінше, жекпе-жек 5 мамырда Лос-Анджелестегі StubHub Center аренасында өтеді. Айта кетейік, бұл арена 9 000 көрерменге арналған. Головкин 2014 жылы осы аренада мексикалық Антонио Рубиомен жұдырықтасып, екінші раундта оны нокаутқа түсірген болатын. Сол кезде рекордтық көрсеткіш орнатылып, 9 323 билет сатылған еді. Ал 5 мамырдағы Головкин — Мартиросян жекпе-жегінің билеттерінің минималдық құны — 53 доллар, ал максималдық құны — 767 доллар. Кездесу жергілікті АҚШ уақыт бойынша сағат 20.00-де басталады. АҚШ-та жекпе-жекті HBO телеарнасы көрсетеді. Ал қазақстандықтар жекпе-жекті келесі күні, 6 мамырда таңғы уақытта көре алады. Бокс кешінің басты оқиғасы Астана уақыты бойынша сағат 09.00-де басталады. Бірақ жекпе-жектің әзірше қазақстандық қай каналдардан көрсетілетіні белгісіз. 18 сәуірде, Головкин америкалық Ванес Мартиросянмен жұдырықтасатынын жария еткен еді.
Ақпарат көзі:tengrinews.kz
Comments are closed.