- Advertisement -

ОТБАСЫНА ЖЫЛУ СЫЙЛАҒАН НҰРОТАНДЫҚТАР

137

- Advertisement -

Облыстық «Аq jol» газетінің «Наурыз – ізгілік айы» акциясы Наурыз мерекесінде де жалғасын табуда. Бұл жолы өңірдің бас газетінің бастамасына «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы қолдау білдіріп, бір отбасына көмек көрсетілді.

Әлеуметтік тұрғыда демеуді қажет ететін тараздық көпбалалы отбасын Ұлыстың ұлы күні қарсаңында партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұратхан Шүкеев және газеттің директор-бас редакторы Қуат Әуесбай құттықтап барды. Жалғызбасты ана Ақсан Мақаеваға азық-түлік және басқа да тарту жасалды.

– Партияның «Бақытты балалық шақ, бақытты отбасы» деген бағдарламасы бар. Сол бағдарламаның аясында облыстық «Аq jol» газетінің «Наурыз – ізгілік айы» деген үлкен  бастамасын қолдап, осындай өздерің сияқты қамқорлықты қажет ететін азамат пен азаматшаларға көмек көрсетіп жатырмыз, — деді Мұратхан Жүнісәліұлы.

Камила БОРАШОВА

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support