- Advertisement -

Ол оралды!

117

- Advertisement -

Елдос Сметов үлкен дулыға
жарысында топ жарды

Қазақ елінің мақтанышы, дзюдо күресінен Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов Ресейдің Екатеринбург қаласында өткен «Grand slam», яғни үлкен дулығалы додада топ жарды.
Ұзақ уақыттан бері жарақатымен алысқан жамбылдық жампоз өзіне ыңғайлы 60 килограмм салмақ дәрежесінде сынға түсіп, қарсыластарын алып та, шалып та жықты. Олимпиада ойындарынан кейін көзге түспей кеткен жерлесіміз осылайша өзінің спорттық бабына келгенін дәлелдеп берді.
Елдосқа финалда ресейлік саңлақ Ислам Яшуевті жеңу үшін бар болғаны 1 минут 2 секунд жеткілікті болды. Белдесуге керемет тактика таңдап шыққан қазақстандық дзюдошы қарсыласына қарағанда ширақ көрінді. Жылдам қимылдарымен жанкүйерлерін қуантқан Елдос Исламды кеудесінен асыра лақтырып, иппонға түсірді! Иә, таза жеңіс!
Додада көңілімізге ерекше шаттық сыйлағаны – жерлесіміздің қарсыластарынан оқ бойы озық болғаны. Мәселен, Рио Олимпиадасында атой салған ресейлік Беслан Мудранов бұл сында қола жүлдені қанағат тұтты. 34 елдің кіл мықтылары жиналған аламанда алтыннан алқа тағынған Елдос 2 жылдан кейін Токио төрінде өтетін Олимпиада ойындарында жеңіске жетсе дейміз. Сметовта Олимпиада алтынынан өзге жүлденің барлығы бар…

Табиғат АБАИЛДАЕВ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support