- Advertisement -

Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинді сайлаудағы жеңісімен құттықтады

71

- Advertisement -

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев РФ президенті Владимир Путинді сайлаудағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі Ақорданың Тwitter-дегі парақшасына сілтеме жасап.

«Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында Елбасы Владимир Путинді кезекті сайлаудағы жеңісімен құттықтады», — делінген Ақорданың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Айта кетейік, РФ президентінің сайлауы 2018 жылдың 18 наурызында өтті. Орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметтеріне сәйкес, Владимир Путин президент сайлауында алдыда келді. Учаскелік сайлау комиссияларының қорытынды хаттамаларының 90% өңделіп, сайлаушылардың 76,41% Владимир Путинге дауыс берді.

 

Дереккөз:baq.kz

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support