- Advertisement -

Таразда өткен республикалық айтыстың жеңімпазы белгілі болды

298

- Advertisement -

Қазақ телевизиясының 60 жылдығына орай ұйымдастырылған «Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым» атты республикалық ақындар айтысы мәресіне жетті. Киелі Әулиеата жерін қара өлеңмен көмкерген адуынды ақындардың барлығы жоғары деңгейде өнер көрсетті. Жамбылдық ақындар да жасындай жарқылдап, көрерменнің қошеметіне ие болды.

Күн ұзаққа созылған ақындар аламанына баға берген әділ қазылардың шешімімен Қайнар Алагөз, Айтмұханбет Исақов, Рай Дөңбай, Қанат Мырзахан, Ботагөз Мұхиденова, Олжас Отар, Біржан Байтуов, Нұрлыбек Құрманов пен Дархан Әбдіманат шабыттандыру сыйлығымен марапатталды.

Ал, Аспанбек Шұғатаев «Асанәлі Әшімов атындағы шығармашылықты насихаттау және қолдау» қорының атынан тағайындалған 1 мың АҚШ долллары көлеміндегі арнайы жүлдеге ие болды. Сондай-ақ, жоғары деңгейде өнер көрсетіп, көрермен көңілінен шыққан Рай Дөңбай, Мақсат Аханов пен Мейірбек Сұлтанхандар қаржылай сыйлықақысы бар ынталандыру сыйлығын алды.

Қазылар алқасының шешімімен ІІІ орын мен 500 мың теңге Мұхтар Ниязовқа бұйырды. ІІ орын мен 700 мың теңге көлеміндегі жүлдеге тараздық жас ақын қыз Аруна Керімбек лайық деп танылды. Ал, І орын мен 1 миллион теңгені Болатбек Оразбаев қанжығалады. Айтыстың бас бәйгесі мен 1,5 миллион теңгені Рүстем Қайыртайұлы еншіледі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support