- Advertisement -

Байзақта жағдай қалыпты

131

- Advertisement -

Байзақ ауданының әкімі Р.Рахманбердиев ауданның былтырғы жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша халық алдындағы есепті кездесулерін бастады. Аудан басшысы алдымен Бәйтерек, Сарыкемер, Ботамойнақ ауылдық округтерінде, одан кейін Қостөбе, Үлгілі, Қызыл жұлдыз елді мекендерінде тұрғындармен кездесті. Есепті жиындарда алдымен аталмыш ауылдық округтердің әкімдері А.Абдуалиев, С.Тілеуқұлова, Е.Заурбеков, Б.Дүйсенбаев, Д.Мадешов, Ө.Нұрбаев, сонан соң аудан басшысы Р.Рахманбердиев өткен жылғы өркенді істер, биыл қолға алынатын бастамалар, болашақ жоспарларды баяндады.
Рахматілдә Сегізбайұлы 2017 жыл өңір үшін жемісті жыл болғанын, өнеркәсіп кәсіпорындарымен 2 млрд. 175,6 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 106,1 пайызды, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 32 млрд. 076 млн. теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 100,7 пайызды құрағанын атап өтті. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың, құрылыс жұмыстарының көлемі, аудан бюджетінің орындалуы, егістік алқаптарда атқарылған жұмыстар, жылыжай, мал шаруашылықтарындағы жетістіктер мен кемшін тұстар туралы айта келе, аудандағы каналдардың жай-күйіне тоқталды. Яғни 113 иесіз ішкі шаруашылық каналдардың 82-сі коммуналдық меншікке өткізіліп, «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының теңгеріміне берілуде. Бұл өз кезегінде каналдардың бұзылмай сақталып қалуына, арналардың таза болуына оң септігін тигізетінін айтқан аудан басшысы, өңірдегі өзекті мәселе – кооператив құру, ауыл шаруашылығы мақсаты үшін дизель отыны мен минералды тыңайтқыштарға мемлекет тарапынан берілетін субсидияларды, жалпы жерді тиімді пайдалану, жеке кәсіпке көңіл бөлу, оның ішінде жекеменшік балабақша ашу жайына ерекше назар аударып, баршаны осы істерде белсенді болуға шақырды. Сонымен қатар, есепті жиында «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық», «Бизнестің жол картасы – 2020», «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы мен «Өрлеу» жобасының нәтижесі туралы кеңінен әңгімеленіп, спорт саласындағы өзгерістер сөз болды.
Кездесуде білім, денсаулық сақтау салалары, құқық бұзушылықтың алдын алуда атқарылған шаралар егжей-тегжейлі айтылды. Әсіресе, ҰБТ-дан өткен оқу жылында түлектер жақсы көрсеткішке ие болғанын мақтанышпен жеткізген Рахматілдә Сегізбайұлы ұстаздарға ризашылығын білдіріп, осы биіктен түспеуге үндеді.

Айдана Шотбасова,
журналист

Байзақ ауданы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support