- Advertisement -

Ел тұтқасы – ойы озық ұрпақ

123

- Advertisement -

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты халықтан қызу қолдау тапқан бағдарламалық мақаласы Тәуелсіз Қазақстанның жаһандану дәуіріндегі рухани кеңістігіміздің жаңа бастауы деп бағалауымыз керек. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. Онда ел Президенті Қазақстан үшін қайта түлеудің айрықша маңызды екі үдерісі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліседі.
Мақалада автор озық рухани жаңғыруды саяси және экономикалық жаңғырулардың өзегі деп атап, «Мәдени мұра» және «Халық – тарих толқынында» бағдарламаларынан да ауқымды, іргелі жұмыстарды жүзеге асыру қажет екенін айтты. Мәселе өзіндік мәдениеттің берік іргетасында біздің халқымызға дамыған мемлекеттердің қатарына кіру жолын сеніммен жалғастыруға мүмкіндік беретін үздік салт-дәстүрлер мен жаңа құндылықтарды дамыту туралы болып отыр. Мемлекет басшысы атап көрсеткен қоғамдық сананы жаңғыртудың негізгі бағыттарының бірі – ұлттық және мәдени бірегейлікті сақтау. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша бүгінгі таңда еліміздің, оның ішінде облысымыздың да барлық аймағында тиісті жұмыстар қолға алынып, жүйелі жобалар жасалынған. Облыс орталығы ғана емес аудан орталығынан да айтарлықтай шалғай орналасқан біздің Ақбақай ауылында да осы жөнінде игі шаралар атқарылуда. Өзім басшылық ететін «Ақбақай» орта мектебінде «Рухани жаңғыру» атты арнайы сынып ашылып, ол тақырыпқа сай жасақталған. Жаңа мектеп ғимаратының ең бір жарық, кең бөлмесінде орналасқан «Рухани жаңғыру» сыныбында оқушылар түрлі ашық сабақтар, ой сергітетін жарыстар, тағылымды жиындар өткізіп тұруды әдетке айналдырып келеді. Сынып іші интерактивті тақта, компьютерлермен жабдықталған. Облыс, ауданымыздағы «Қазақстанның киелі жерлерінің картасына» енген қасиетті мекендер мен тарихи орындар бейнеленге көлемді сызба-нұсқа ілінген. Өңіріміздің мақтаныштары саналатын ақын-жазушылар, ғалымдар мен батырлардың суреттері мен өмір баяндары, және ауылымыз бен мектебіміздің өткенінен сыр шертетін кітапшалар мен фотоестеліктер бөлменің мазмұның байытып тұр. Алдағы уақытта бұл кабинет ауылдың, мектептің тұрғындары мен оқушыларына рухани азық сыйлап, саналарын сергітетін және ел мен жердің тарихына бойлап, болашақ жайлы бағдар жасауға ұмтылысын оятатын рухани орталыққа айналады деген сенімдеміз.

Мадина Оразалиева,
«Ақбақай» орта мектебінің директоры

Мойынқұм ауданы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support