- Advertisement -

Ғалымдар Чилиден табылған «Франкенштейн» динозаврды зерттеді

99

- Advertisement -

Тираннозаврларға ұқсайтын Чилидегі «Франкенштейн» динозаврдың «эволюция кезінде жоғалып кеткен жануар» екені анықталды. Бұл туралы Biology Letters журналында жарияланған мақалада айтылады, — деп хабарлайды РИА Новости. «Чилезавр динозаврлардың ішіндегі ең ерекшесі әрі ең қызықты түрі болып саналады. Сондай-ақ, динозаврдың бұл түрі бізге динозаврлардың қалай таралғанын түсінуге көмектеседі», — дейді палеонтолог Пол Баретт (Paul Barett). Геологтардың бірі экспедиция кезінде кездейсоқ бір динозаврды көріп қалған. Сол кезде ғалымдар оған бірден «Франкенштейн динозавры» деп ат қойған. Чилезавр деп аталатын үш метр болатын жануар құрылысы жөнінен тетанурларға (Tetanurae — жабайы динозаврлар) өте ұқсас екен. Сондай-ақ, ғалымдардың айтуынша, чилезаврлар басқа да бауырмен жорғалайтын жануарларға ұқсайды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support