- Advertisement -

Үйсін ханына ұзатылған қытай ханшасы

236

- Advertisement -

КӨНЕ ТҮРКІ ДӘУІРІНДЕГІ ӘЙЕЛДЕР
(б.д.д. ІІІ ғ. аяғы – б.д. VІІІ ғ.)

Бағзы замандардан бері Ұлы Дала әр түрлі ұлыстардың құрылу, қалыптасу және нығаю орны болуымен қатар, түрлі дәуірлерде мемлекеттік бірлестіктер құрған көптеген тайпалар мен халықтардың өмір сүру ортасы да болды. Көне түркі дәуірінде өмір сүрген көшпенділердің ең кемінде екі ірі империясы туралы, олардың саяси ықпалының күшеюінен Еуразия даласы халықтардың ұлы қоныс аударуының басталғанына, көптеген мекен-жай ауыстырғандығына, жаңа көшпенділер мемлекеттерінің, гүлдену және күйреу кезеңдеріне, сол сияқты тарих сахнасынан бір халықтардың жоғалып, олардың орнына екіншілерінің келуіне куәгер болғандығын айтуымызға болады. Көшпенді мал шаруашылығы түрлі этносты және әр тілде сөйлейтін бұл халықтар үшін тек экономикалық өмір сүру жағын ғана қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар олардың тіршілік ету тірегі де болды.
Сюннулердің көтерілуі мен көшпенділер империясының пайда болу тарихы атақты Модэ-шаньюйдің билік басына келуімен байланысты. Оның әкесі-шаньюй заңды мұрагері Модэнің орнына сүйікті эчжиінің (әйелінің) ұлын таққа отырғызбақшы болған. Модэ әкесі-шаньюй мен оның сүйікті эчжиінің ұлын өлтіреді де, сюннудің белгілі тайпаларының көмегімен жоғарғы шаньюй болады.
Б.д.д. ІІ ғ. Қытай жылнама­ларында ішкі және сыртқы Моңғолия территорияларында көшпелі тайпалардың миграциясы жайында мәліметтер берілген. Б.д. 160 ж. усунь тайпаларының бір бөлігі Жетісу территориясына келіп қоныстанған. Олар шығысында сюннулармен жалпы шекаралас болса, оңтүстігінде Ферғанамен (Даваньмен) шектескен, ал батысында канцзюй тайпаларымен көршілес жатқан. Сюннулер империясының жоғары егемендігін тани отырып, үйсіндер сыртқы саяси және сауда ісін дербес түрде жүргізген. Олардың мемлекеттік билік басшысын хуньмо деп атаған. Үйсіндердің көшпелі тұрмысы олардың материалдық жағдайының көп жақтарын айқындап отырған. Усунь хуньмосына (Үйсін ханына) ұзатылған қытай ханшасы императорға хатында былай деп жазады: «Менің отбасым мені Аспан еліне ұзатты. Алыстағы бөтен мырзаға берді. Цюнлу (яғни киіз үй) (менің мырзам үшін) үй, киіз – қабырға, ет – ас, қымыз – сусын болып табылады».
Усуньдер елі арқылы Шығыс – Батыс сауда жолының ең маңызды торабы өткен, кейіннен ол Ұлы Жібек жолы деген атқа ие болған. Баяғы замандарда бұл сауда-саттық жолымен түрлі діни ағымдағы миссионерлер де жүріп өткен, сол арқылы рухани және заттық құндылықтармен алмасу жүріп отырған.
Сюнну империясының басқа мемлекеттік және этникалық компоненті ретінде юэчжилерді атап өтуге болады. Юэчжилердің мемлекет басында патшайым отырған. Юэчжилердің гинекократиялық мемлекеті Орталық Азия далалары тарихында маңызды рөл атқарған. Кейінгі көшпенді мемлекеттердің қатарындағы әулеттік топтардың құрамында келген патшалық фратриялар көне юэчжилердің тікелей ұрпағы болып саналады.
Сюннулар империясындағы Аспан мен Жерге, Күн мен Айға табыну, ата-баба дәстүрін сыйлау қытай жылнамаларынан мәлім. Аспанға құрбан шалу үшін сюннулар жылына үш рет аруақтар үңгіріне жиналатын болған. Юэчжилер Жер-Ана мен Ай тәңірлеріне сыйынған. Ал Канка әскерлері Ұлы өзен тәңірісінің суына табынған. Сюнну, юэчжи, усуньдер мен басқа да көшпелі тайпалардың отырықшы-егінші халықтардың аймақтарын мекен етуі олардың мол рухани құндылықтарға ие болып, мәдениеттерінің өзара алмасуларына алып келді. Ірі буддийстік дін уағыздаушылардың қызметі тарихта Бактрияға қатысты қарастырылады. Буддизмнің Қытайдан тыс аймақтарға өтуін аңыз-шежірелер юэчжилермен байланыстырады. Ең ертедегі зороастрийлік танымдар мен дәстүрлер көшпелі тұрмыс жайлы, Митра мен Ардви Сура жоғары құдайларына жылқылар және басқа да жануарларды құрбандыққа шалу жөніндегі мәліметтерді сақтап қалған.
Император Сяо У-дидің тұсында (475-499) сяньбиліктердің тілі мен киімін қолдануға тыйым салған заң шығарылады. Әсіресе, қытай қыздарына үйлену қуатталады.
Б.д. дейінгі І мыңжылдықта Еуразия даласының этникалық картасы баяу өзгере бастайды. Әлеуметтік даму процесінің және геосаяси шоғырлану барысының жеделдеуіне байланысты І мыңжылдықтың екінші жартысында көшпелі тайпаларда қағанат нұсқасындағы ірі мемлекеттік құрылымдар пайда болды. Олардың ең мықтысы мыналар еді: Атыраудан Теріскей Үндістан мен Шығыс Түркістанға дейін созылған эфталиттер мемлекеті (V-VI ғғ.) және Орхон орталығындағы (қазіргі Моңғолия) жуань-жуаньдардың қағаны басқарған көшпенділер тайпаларының бірлестіктері. Бізге қытай жазбалары арқылы белгілі ауарлар қағаны V-VI ғғ. теріскей-шығыс Қытайдың шығысынан батыстағы Жетісу мен Дунайға дейінгі аралықта ірі саяси күш болатын. Орта Азияда жуань-жуаньдардың қағандары эфталиттердің билеуші тайпаларымен одақтас-туыстық қатынастарға түседі.
Орталық Азия даласында олар көптеген оғыз тайпаларын бағындырған еді. VI ғ. орта тұсында біраз ішкі және сыртқы себептерге байланысты күйреуге ұшырайды. Міне, дәл осы кезде тарих аренасына жаңа әскери-саяси күш шығады. Қытай жазбаларында ол «туцзюе» – түркілер деп аталған. Түркілердің алғашқы бауыр басқан жері – Алтай. Түркілердің тарихи кеңістікке шығуы түркі халықтарының этникалық және тіл біртектілігінің қалыптасуына әкелді. Ашина тайпасынан шыққан Көне түрік қағанатының негізін қалаушы Бумын (552-630 жж.) жуань-жуаньдардың Анахуань қағанына өлтіре соққа берді. Жеңіске жеткен түркі көсемі қаған титулын өзіне алады да, жуань-жуаньдардың қағанының заңды иегері боп шыға келеді. Бумын енді өзін Иль-қаған, «ел қағаны» деп жариялайды. Ашина руынан шыққан қағандар екі жүз жыл бойы көшпенді түркі тайпаларының бас билеушісі орнын сақтап отырған.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support