- Advertisement -

Алматыда жоғалып кеткен Сафар Шәкеевтің мәйіті табылды

116

- Advertisement -

Алматыда жоғалып кеткен Сафар Шәкеевтің мәйіті табылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбекке сілтеме жасап.

Мәйіт шамамен 11.00-де Есентай өзенінен табылған. Денені сүңгуірлер алып шықты. Оқиға орнында ТЖ, полиция және жедел жәрдем қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Оның киімінде құжаттары табылған. Сафар Шәкеевтің өлімінің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр.


© Владимир Прокопенко


© Елнұр Жүнісов

Полициядағылардың айтуынша, іздестіру жұмыстары әл-Фараби даңғылының маңында ғана емес, қала бойында жүргізілген. Соңғы рет оны әл-Фараби даңғылындағы «Казкоммерцбанк» орталық бөлімшесінде таңғы сағат 7.00-де көргендер бар. Сафар Шәкеев қызғылт түсті футболка мен көк джинс киген. 1991 жылғы Сафар Шәкеевтің із-түссіз жоғалғаны туралы хабар Медеу аудандық ішкі істер басқармасына 2016 жылдың 16 шілдесінде сағат 22.00-де түскен.

Сафарды іздестіру жұмыстарына еріктілер қосылған еді.

Ақпарат көзі: Kaz.tengrinews.kz 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support