- Advertisement -

Ең сұлу әйел – жүкті әйел

213

- Advertisement -

Халқымыз «Жүкті әйелдің бір аяғы – төрде, бір аяғы – көрде» деп, аяғы ауыр әйелге әрқашан құрметпен қарап, физикалық, моральдық тұрғыда көп салмақ салмауға тырысқан. Оның күтіміне ерекше мән берген.
Жүкті әйелдер бүгінде мемлекеттің де толық қамқорлығында. Аяғы ауырлаған әйелді емханаларға тіркеуге алып, ай, апта сайын денсаулығын бақылап, тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етіп, босанғаннан соң да бала күтіміне байланысты түрлі әлеуметтік көмектер мен жеңілдіктер қарастырылған.
IMG-20160316-WA0001Мен екінші балама аяғы ауыр жас анамын. Тұңғышымда алғашқы сәбиім болғандықтан, бойымда қорқыныш көп болды. Әрі денсаулығымда да аздап кінәрат бар болып шықты. Алайда, Байзақ аудандық емхана дәрігерлері әрдайым менің денсаулығым мен баламның даму процесін үздіксіз бақылауда ұстап, моральдық тұрғыда өзіме сенім ұялатып, нәрестемді аман-есен дүниеге әкелуіме көмектесті. Енді міне, тағы да сол жергілікті емханада, атап айтқанда, дәрігер Лиза Мешітбаеваның, акушеркалар Бақыт Әбдірешова мен Гүлмира Қалмұратованың бақылауындамын.
Еңбек жолын осы емханадан бастаған, бүгінде 22 жылдық қызмет өтілі бар Лиза Мухиядинқызы күннің қай уақытында болмасын, денсаулығымыз мазалап қоңырау шала қалсақ, ақыл-кеңесін аямай, артынан өзі қайта қоңырау шалып, жағдайымызды біліп тұрудан шаршаған емес. Жүктілігі ауырлау өтіп жатқан әйелдердің кез-келгені ол кісінің ерекше қамқорлығында. 25 жылдық еңбек өтілі бар Бақыт Әбдірешова мен жас маман Гүлмира Қалмұратова да есепте тұрған әрбір келіншектің жағдайымен жете таныс. Олар әйелдердің тиісті сараптамалық талдаулардан өтуін ұдайы бақылап, тіпті жанашырлықпен өзге кабинеттердегі дәрігерлер бақылауына кезексіз кіруге де көмектесіп жатады. Кейде кейбір болашақ аналар жұмысынан босай алмай немесе басқа да жағдайлармен уақтылы дәрігердің бақылауына келе алмай қалады. Ондайда акушеркалар есепте тұрған әйелдің қай уақытта тексерілуге келе алатынын анықтап, тіпті, кешқұрым болса да соларды қабылдау үшін күтіп отырады.
Дәрігер болу – аса жауапты мамандық. Әсіресе, аяғы ауыр жандармен жұмыс істеу екі есе жауапкершілікті, төзімділікті талап етеді деп ойлаймын. Бірақ, сала мамандарының еңбектері әрдайым өз деңгейінде бағалана бермейтіні де шындық. Сондықтан аналардың атынан аты аталған ақ халатты абзал жандарға шексіз алғысымды білдіргім келеді. Қиындығы көп болғанымен, сауабы мол істе әрқашан биіктен көрінсе екен деймін!

Жансая ХАЛЫБАЕВА.

Сарыкемер ауылы,
Байзақ ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support