- Advertisement -

Қалжалы әйелден – олжалы ұл өседі

520

- Advertisement -

000000Қалжа – жас босанған келінге арнап байланған қой. Әйелдің өмірінде оның мәні зор. Қалжаға сойылған қойдың алты буыннан тұратын мойын омыртқасын бірінші күні келіннің өзіне тісін тигізбей, қолымен мүжітеді. Еттен тазарған жұлынды тік таяқшаға кигізіп, баланың мойны қатқанша керегенің басына іледі. Бұл – баланың мойны тез қатайсын деген ырым.
Жаңа босанған келінге ешкі етін беруге болмайды. Өйткені, ешкі еті желді болады. Әйелдің тұла бойындағы суықты қоз­дырып, көне-жаңа аурулардың мазалауына себепші болады.
Қазақта «Қалжалы бала – батыр, қалжасыз бала – қалжыр» деген сөз бар. Егер жігіттердің бір жұмысқа әлі келмей, жығылып қалып жатса, «Сен туғанда шешең қалжа жемеген бе?» – деп қағытқан. Қалжаны кей өңірлерде қыздың төркіні де әкеп жатады, бірақ, қалжа, негізінен, келіншектің күйеуінің мойнындағы міндет-парызы болып есептеледі. Енелері қалжаға сойылған қойдың етін ұсақтап турап, 40 күн бойы келіндеріне беріп, жас сорпамен терлеткен. Осы терді қазақ «қалжа тер»
немесе «шілде тер» деп атайды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support