- Advertisement -

Атыраудың түйе жүнінен жасалатын өнімге итальяндықтар қызығушылық танытты

106

- Advertisement -

20140302063959Атырауда ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы бойынша қой және түйе жүнін өңдейтін фабриканың құрылысы аяқталып келеді. Бұл өнімге итальяндықтар қызығушылық танытты.

«Қазақстанда жүн өңдеу нашар дамыған, біз өңірде бұл кемшіліктің орнын толтыруға шешім қабылдадық. Фабриканың жылдық қуаты  100 тонна түйе жүнін және 350 тонна қой жүнін өңдеуді көздейді. Фабрикада 4 мың қума метрге жуық түйе жүнінен жасалған көрпе шығарылады. Өнім Қазақстанда ғана емес, экспортқа жөнелтіледі. Алғашқы тапсырыс беруші қазірдің өзінде бар: бұл итальяндық компаниялардың бірі», — деп хабарлады облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов фабрикада болған кезінде.

Жоба құны — 2 млрд. 432 млн. теңге. Фабрикада 90 адам жұмысқа ие болады.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support