- Advertisement -

Қазақстанда қайырымдылық саласындағы нысаналы капитал институты енгізіледі — Сенат

68

- Advertisement -

20141009160849Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қайырымдылық туралы» ҚР Заңы қабылданды.Құжатқа Мәжілістің бірқатар депутаттары бастамашылық жасаған.

Бұл ретте депутаттар қолданыстағы заңнамада қайырымдылықтың, оны жүзеге асырудың бүгінгі заманға сай мүмкіндіктерді ынталандыру мәселесін жеткілікті реттей алмай отырғанын алға тартады. Соның ішінде депутаттар бірлесіп әлеуметтік, экономикалық және құқықтық саясаттың қуатты қабатын құрайтын қайырымдылық, демеушілік және меценаттық қызметтің құқықтық ерекшеліктері жоқ екенін айтқан болатын. Осыған орай, заң жобасымен әлеуметтік өмірдің түрлі салаларындағы филантропиялық, демеушілік және меценаттық қызметті жүзеге асыру қатынастарын құқықтық реттеу заң деңгейінде қамтылады. Еліміздің аумағында, одан тысқары жерлерде осындай қызметке қатысушыларды үйлестіру шаралары қарастырылады. Бұдан бөлек, заң жобасына сәйкес, «қайырымдылық» дегеннің өзі қайырымдылық көмек пен ізгілік қажеттіліктерді қанағаттандыруға негізделген, ерікті, өтеусіз немесе жеңілдік шарттардағы филантропиялық, демеушілік және меценаттық қызмет түрінде жүзеге асырылатын әлеуметтік пайдалы қызмет ретінде айқындалады.

«Заң жобасының басты жаңалығының бірі  осы салада нысаналы капитал (эндаумент) институтын енгізу болып табылады. Ол іс жүзінде әлемнің көптеген елдерінде қайырымдылық ұйымдарында қайырымдылық жинақтарын құру үшін қолданылады»,  делінген құжаттың қорытындысында.

Тұтастай алғанда, заң жобасы еліміздегі қайырымдылық қызметке мұқтаж азаматтарға көмек көрсетуге дайын тұлғалардың қызметін ынталандыруға бағытталады.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support