- Advertisement -

Жетістіктер қуантады

61

- Advertisement -

37Айман Әшімова,

аудандық мәслихаттың депутаты,
«Байнұр» шаруа қожалығының төрайымы.

Облыс әкімі есебінен өңіріміздің барлық сала бойынша алға ілгерілеуінің, экономикалық дамуының үдемелі үрдісі байқалады. Депутат, ана, әйел ретінде мені алдымен әлеуметтік, білім беру мен денсаулық сақтау салаларындағы жетістіктер қуантты. Біздің ауданда да жыл сайын жаңа мектептер, балалар бақшалары, емдеу мекемелері көптеп салынып пайдалануға беріліп келеді.
Ал кәсіпкер ретінде облысымызда шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың табысты іске асырылып жатқандығына көңілім толады. Өткен жылы кәсіпкерлік субъектілерімен 233 миллиард теңгенің өнімі өндіріліпті, мұндай көрсеткіш бұрын-соңды болмаған. Оның ішінде шағын кәсіпкерліктің дамуына үлкен серпін берген «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының бизнесті өркендетуге ықпалына біздің ауданнан да мысалдар жетерлік.
Өткен жыл менің жеке кәсіпкерлігім үшін де табысты болды. Үш мың бас ірі қара бордақылау алаңдарын салу және жаңғырту бағдарламасы бойынша шыққан шығынның орнын жартылай толтыру шартымен инвестициялық субсидия алуға қол жеткіздім. Ал аудан бойынша ауыл шаруашылығында өндірілген жалпы өнім құны 21,6 миллиард теңгені құрады. Оның ішінде, мал шаруашылығының үлесі он миллиардқа жуық. Бүгінде ауданда 1690 шаруа қожалығы жұмыс істеуде. Мал шаруашылығын субсидиялауға 557,8 миллион теңге берілсе, оның жартысынан көбі мал тұқымын асылдандыруға жұмсалған.
Қазір әлемді дүрліктіріп отырған экономикалық дағдарысты жағдайларға қарамастан, біздің елімізде оның кері ықпалы онша білінбейді. Елбасы өзі қолға алған дағдарысқа қарсы шаралар және өңірлерде жүйелі қолға алынған мемлекеттік бағдарламалардың барысы осыған сендіреді. Өткен жылы облыс бойынша атқарылған нәтижелі жұмыстар биыл да жалғасын тауып, алға қойылған межелер табысты игеріле бермек.
Қордай ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support