- Advertisement -

Шаңырағымыз текке шайқалмасын, ағайын!

43

- Advertisement -

Бірнеше күннен бері Қытайдан елімізге 55 зауытты көшіріп әкеледі екен дегенге наразылық танытып, әлеуметтік желілерде желбуаз сөзді жүйткітіп, қарапайым халықты наразылық танытып көшеге шығуға итермелеп жатқан дүрбелеңді байқап отырмыз. Ол наразылық жиындарында әр адамның намысына тиетіндей ұран сөздер айтылуда. Менің жүрегімнің ауыратыны – тәуелсіздігіміздің тұғырын босатқысы келетіндерге отандастарым алданбаса екен деймін. Шын мәнінде елдегі барлық заңсыз митингтерді, дүрбелеңдерді ұйымдастыратындардың артында мемлекеттік саясатқа, Конституциямызға қарсы күштер тұрғаны белгілі. Ақылға салып қараңыздаршы, ел экономикасын жедел дамыту үшін ірі шетелдік инвестиция қажет. Ал керітартпалар көрші Қытайдың ірі инвестициясын тартуға халықты қарсы қойғылары келеді.
Не себепті десең, жұрт «Қытайдан 55 ескі кәсіпорынды көшіріп әкелейін деп жатыр» деген жалған қауесетке еріп алған.
Ардақты ағайын, «Егемен Қазақстан» газетінің 3 қыркүйектегі нөмірінде Жақсылық Мұратқалидың «Қазақстанға қытайлық зауыттар көшірілмейді» атты, 9 қыркүйектегі Асқар Омаровтың «Айғайшыл азшылық «диктатурасы» атты мақалаларын оқып шығыңыздаршы. Онда тиісті министрлік басшыларының анық жауабы берілген. Анығы – 55 зауыт емес, Қазақстанда Қытай инвесторларымен бірлесіп іске асырылатын инвестициялық жобалар.
Бүгінде Қазақстанға инвестиция тарту бойынша бірінші орында Нидерланды ( 87 миллиард АҚШ доллары), екінші орында АҚШ, үшінші орында Швейцария, төртінші сатыда ҚХР екен. Сондықтан істің анық-қанығын білмей жатып, теріс мүдделі күштердің жетегіне түсіп кетпейік. Расын айту керек, мұндай мәселені кеңінен, дұрыстап түсіндіру жұмыстары ақсап тұр. Меніңше, тиісті органдардың тәжірибелі басшылары маңызды жобаларды халыққа қарапайым сөзбен түсіндірулері қажет-ақ! Ақылға, сабырға салып, Президентіміздің бастамаларын қолдайық, іске асыруға атсалысайық!

Қасымхан Төлендиев,
Жамбыл облысының Құрметті азаматы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support