Жасөспірімдер құрамасының бұрынғы футболшысы 25 жасында қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қостанай клубының бұрынғы ойыншысы Николай Жуков жиырма алты жасқа толар шағында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Тобыл» ФК сайтына сілтеме жасап.  Николай соңғы айда жілік майы ауруымен ауырған. Сенбі күні кешке оның жүрегі тоқтады. «Николай Жуков сары-жасыл қосарлаушы құрамында бірнеше маусым өткізді. Қазақстан жасөспірімдер құрамасына тартылды. «Тобыл» футбол клубы Николайдың туыстарына, жақындары мен достарына қайғырып, көңіл айтады», делінген хабарламада.

kazinform.kz

Comments are closed.