- Advertisement -

Бар шері нөсер аспандай

62

- Advertisement -

Жылауға көзде жас қалмай,
Күлуге тағы жоқ дəрмен.
Бар шері нөсер аспандай,
Мен өлсем сен де жылар ма ең?

Айтуға соңғы назымды,
Жүректе титтей жоқ айбын.
Ойласам өткен шағымды,
Алақаныма қараймын.

Қараймын тосын,
Əлдене
Əлекке салар басымды.
Өкініш толы жан, дене,
Жасымды қайтар, жасымды!

Қарасаң барлап «əттең» мың,
Жарған жоқ бүрін ол əлі.
Ойдағы балдай сəттердің,
Тек саған барлық обалы!

Осы ма күткен көктемім?
Күнің едім ғой, түнерсең,
Жүрекке зіл боп өткенің,
Жылайсың ба мен өлсем?

         Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support