- Advertisement -

«Біреудің мінін көргенше, Өзіңмен күрес өлгенше»

3 159

- Advertisement -

Дүние есігін ашқаннан бастап, айналаңды тану үшін, тылсым дүние, яки құбылыстар жайлы білу үшін ұмтылыс жасайсың. Кей кездері пендешілік басым түсіп, бойыңды «менмендіктің» билеп кететін кездері де бар. Әрине, өз қателігіңді мойындап, сабақ алу – екінің бірінің қолынан келе бермейтін нәрсе.
Бойын жайлаған өзімшілдікті көрместен, өзгеге мін таққанға құмартып тұратындар бар. Көпке топырақ шашпаймыз, әрине, дегенмен мұндай кемшілік әр адам бойынан табылар басты қателіктің бірі де бірегейі. Шәкәрімнің: «Біреудің мінін көргенше, Жамандығын тергенше, Өз ойыңды мазалап, Өз бойыңды тазалап, Өзіңмен күрес өлгенше!» деген сөзін көкейге түйіп, ғибрат алатындар некен-саяқ. Айналаңдағыларды сынамас бұрын, кінәні өзінен іздемейтіндер көп қой қазіргі қоғамда.
Кейде бойымда осындай кемшілік барын сеземін. Енді опық жеместей, бұл қылықтан арылып, мінезді түзеуге тырысамын. Әрі жанымдағылардың «өзгеше» әдеттерін көріп-ақ, өмірде қайталамауды жөн санаймын. Біріне қолдау көрсетіп, өзін-өзі түзеуіне ықпал етуге, екіншісінің қателігінен сабақ алуды үйренемін. Өйткені күні кеше дұрыс қарамаған жандар қиындықта жанымнан табылып, ал «Құдайдай» көрген пенделердің қарақан басын ойлап кетпесін кім кепіл?!
Өмірде сан соғып қалатын кездер де болады. «Алтынға» балаған жаныңдағы жақсылардың ісі күні ертең сені опындыруы да мүмкін. Осындайда ойға бірден Абайдың «Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ» деген сөзі келеді екен.
Өмірді киноға арқау болады десек, қандай да бір оқиға куәгері атанбас бұрын, бас кейіпкер рөлін дұрыс сомдап шығайық! Басшылыққа – ақыл, жолдастыққа – терең ой серік болғай…

Арай Жұматай,
әл-Фараби атындағы
ҚазҰУ-дың 4-курс студенті.

Т.Рысқұлов ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support